Келбет бойынша баптаулар

Қаріптің өлшемі:
Сайттың түсі
Суреттер

Параметрлер

Қаріп параметрлері:

Қаріпті таңдаңыз Arial Times New Roman

Символдар арасындағы интервал (кернинг): Стандарттық Орташа Үлкен

Түс схемасын таңдау:

Панельді жабу Стандарттық баптауларды қайтару

24 Almat obl 4empionat 1 Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионатын өткізді. Чемпионатта облыстың қалалары мен аудандарының өрт сөндіру бөлімдерінен 14 команда қатысты. Жарысқа медициналық тексерістен өткен, облыстың қалалары мен аудандарының өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері жіберілді.

26 SKO 1 Жас құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің бірінші халықаралық слетінің алтын жүлдесі - Қазақстан командасының, дәлірек айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының жасөспірімдері жеңіп алды.
2019 жылғы 19 шілдеде Көкшетау қаласында І-Халықаралық жас құтқарушылар слеты аяқталды. Чемпионат кубогы үшін Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және республикамыздың 14 облысының командалары жарысты.

32 Karaganda Blagodrn 2019 жылы 14 шілдеде Қаражал қ. жасөспірімдер тобы (2004-2006 ж.т.) "Қылыш"су қоймасынан төмен өзенге шомылуға келді.
Біраз уақыттан кейін жақын маңдағы демалушылар балалардың көмек көрсету туралы дауысын естиді - олардың бірі суға бата бастады және көп ұзамай су үстінен көрінбей кетті.
Балалардың айқайларына келген екі ағайынды - Абсадиров Қанат пен Дәулет дереу баланы іздеуге кірісті. Шамамен жағадан 6 метр, тереңдігі 2 метр жерден бала табылды және жағаға шығарылды.