Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Тәлімгерлер кеңесінің жоспардан тыс отрысы өтті, онда кеңес 3 тоқсанға Жұмыс жоспарының мәселелерін, жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін мастер-класс ұйымдастыру қарастырылды, жетекшілігінде жас қызметкерлері бар тәлімгерлердің есептері тыңдалды. Кеңес барысында жаңадан қабылданғандарға әлеуметтік көмек – тұрғын үй мәселесін шешу: жатақханадан бөлме беру мен тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке тұру бойынша кеңес беруге дейін бір қатар проблемалар белгіленді.
Ерекше кәсіби даярлыққа, тәжірибеге назар аударылды, өйткені жоғары оқу орындары бүгінгі күні – бұл көбінесе теория, ол тәжірибеге сәйкес келмейді. «Біз оларды қалай дайындасақ, сондайлармен ертең жұмыс істейміз», - деп атап өтті Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Р. Валишанов.
«Тәлімгерлер бүгін – бұл тек ғана айтарлықтай өтілі бар адамдар емес. Бұл педагогтар және жаңалық табушылар. Бұл тәрибе жұмысын ұйымдастыру және жүргізуде бірінші көмекшілер, осындай жұмыспен барлық басшылар айналысу керек. Міне, сонда ғана жақсы нәтижелер болуы әбден мүмкін. Осы жұмыспен кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері ғана айналысу қажет деген ой бұл үлкен қателік», - кеңес төрағасының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Ә. Насырова – тіпті олай емес деп атап өтті.
Аламаты облысы ТЖД Еңбекшіқазақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудандық Ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп тұрмыстық жағдайлары төмен отбасылар орналасқан мекен-жайларда рейдтік іс-шара жүргізді. Анықталған отбасылардың мүшелеріне, өрттердің көбінесе орын алатыны адамдардың алкогольдік ішімдіктерді пайдалануынан және төсекте тұтанып тұрған темекімен ұйықтап қалуынан болатыны жайында түсіндіріліп өтті. Осындай профилактикалық жұмыстар Еңбекшіқазақ ауданының аумағында жиі жүргізіліп тұрады. Атап өтсек тұрғын үй орындарында өрт қауіпсіздік айлығының өткен екі кезеңінде 37 рейд жүргізіліп 73 отбасы есепке алынды.
Өрт сөндіруші қызметі әлемдегі ең күрделi және қауiптi мамандықтардың бірі болып саналады. Кез келген сау адам жүгiруге және секiруге, әр түрлі ауырлықты көтеруге, саты бойымен өрмелеуге,  газқағарларды қолдануға және тағы басқаларға  қабiлеттi. Бiрақ әркім кез келген уақытта басқаны құтқару үшiн өз өмiрiн тәуекел етуге қабілетті емес. Мұндай қабілетке ие болған мамандық иегелерінің бірі – басқа адамның қайғысын өзіндік жеке қайғысына балап, қашанда көмекке даяр тұратын өрт сөндірушілер.
Балалардың демалысын маңызды, парасатты ұйымдастыру, өрт-құтқару ісінің негіздерін, ТЖ қатері мен тауындауы қатері кезіндегі іс-әрекеттерін меңгеруге оқушыларды кеңінен баулу мақсатында Баянауыл ауданы төтенше жағдайлар бөлімі жедел-құтқару жасағы № 5 бөлімшесінің бас құтқарушысымен бірлесіп аудандық масштабта «Жас өрт сөндіруші-құтқарушы» жарысын ұйымдастырды.
Жас құтқарушылар  мен өрт сөндірушілер жасағын құру ерлікті, азаматтық парыз, отансүйгіштік сезімін  тәрбиелеуге ықпалын тигізеді, балалардың да денесі шымыр болғаны өте маңызды, сондай-ақ ТЖ кезіндегі с-әрекеттер дағдыларына балаларды үйретуге және өртке қарсы қызметінің әрекетімен балаларды таныстыруға ықпал етеді.
Күннің қатты ысығанынан барлық су айдындарда демалушылардың саны күрт өсуде. Суда демалыңыздар, күштеріңізді және денсаулықтарыңызды нығайтыңыздар, бірақ есте сақтаңыздар!
Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қаупсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады. Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Қордай ауданы Қордай ауылында «Саяхат» шомылу орталығы, Шу өзені бойында, Беткайнар ауылы шомылу орталығында және «Балауса» лагерінде Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік жұмыстарын жүргізу барысында  қауіпсіздік ережелері мен жадынамалар таратылды және тыйым салынған жерлерде  шомылуға болмайтындығы  туралы ескертілді.
2016 жылғы 2-9 тамыз аралығында Жамбыл облысы Қордай ауданында алыс және жақын шет елдердегі 13 мемлекеттің қатысуымен, «АрХО-2016» Халықаралық әскери ойындары өтуде. Жоғарыда аталған әскери ойындар халықаралық бірлестіктер аясында өткізілуде.
Әскери ойындардың өтуі барысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрамы 5 бірлік өрт сөндіру техникасымен және 28 адам жеке құрамнан тұратын Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштер мен құралдарының тобы кезекшілік қызмет атқару үшін оқу-жаттығу полигонына аттанды. 
Суға түсу маусымы басталғалы белгіленбеген суайдындары мен жағажайлардағы қайғылы жайттардың қатары  жиілеп кетті. Осы ретте айта кетейік, тек арнайы жасақталған орындарда, бассейіндерде, құтқарушылар патрульдік жұмыстар жасайтын жерлерде ғана суға түсу қажет.
Астана қаласы ТЖ департаментінің құтқарушылары арнайы жасақталмаған суқоймаларында, жағажайларды аралап, демалушыларға жадынамалар таратып, қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді. Осылайша, 13-ӨСБ-нің 10 қызметкері Қоянды ауылының аумағында 30 шілде мен 2 тамыз аралығында іс-шара ұйымдастырды. 13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің басты мақсаты – демалушыларға сақтық шараларын ескерту болып табылады.
Есіл ауданындағы тұрғылықты үйлердегі өрттердің санын төмендету және ескерту мақсатында үй-үйді аралау әдісімен үндеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2016 жылдың 28 шілдесінен 2 тамыз аралығында  Есіл қаласының №9 ӨСБ және ТЖБ жеке құрамы Есіл қаласының тұрғылықты үйлерін аралады. Аралау барасында 133 аула қамтылып, азаматтармен әңгімелер мен нұсқаулықтар жүргізілді, сонымен қатар тұрғылықты үйлерде және тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы 345 данада жаднама тапсырылды.
Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Кәсіби даярлық мектебін 2016 жылға арналған жасақтау оқу жоспарына сәйкес, 25 шілде мен 5 тамыз аралығында облыстың өрт сөндіру бөлімшелерінен «Жүргізуші-қызметкерлерді курстық даярлау» санаты бойынша 8 жүргізуші оқудан өтуде.
2016 жылғы 3 тамыз күні КДМ командалық-оқытушылар құрамымен Көкшетау қаласындағы № 3 өрт сөндіру бөлімі базасында осы бөлімнің жүргізушілер құрамы тартылып, жаңадан қабылданған жүргізушілер құрамымен практикалық сабақтар өткізіліп, қауіпсіздік техникасын сақтап,  жас жүргізушілердің өрт сорғысымен жұмыс істеу, АЦ-3,2-40 өрт сөндіру автомобилінен өрт сөндіру құралдарын беру, практикалық жүру, өрт сөндіру депосының боксынан шығу және кіру жөніндегі дағдылары шыңдалды. Әр жас қызметкер өздігінен алға қойған міндеттерді орындады.
Қарағанды облысы ТЖ департаменті мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны М.Жапаров пен ресми өкілі азаматтық қорғау капитаны Қ.Мұталлапов «Қазақстан–Қарағанды» телеарнасындағы «Уақыт.kz» телебағдарламасына қатысты. Бағдарлама жазғы мерзімге оның ішінде өрт қауіпті және суда шомылу кезеңдеріне арналды.
Қарағанды облысы ТЖ департаментінің ресми өкілі судағы қауіпсіздік туралы баяндап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көп назар бөлінді. Өртті мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы өз кезегінде облыс аумағында орын алған өрттер туралы баяндады. Сонымен қатар, біздің облысымызда өткізілген өрт–құтқару спорты бойынша Чемпионат туралы айтылды.
Су қоймаларында адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында, «Ертіс күнін» мерекелеу кезінде Павлодар облысы  Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі қызметкерлері жедел-құтқару жасағымен бірлесіп рейд өткізді. Рейд барысында Павлодар қаласының орталық жағажайында демалушыларға судағы қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, жадынмалар таратылады. Ерекше назар үлкендердің қарауысыз суға шомылып жүрген балаларға аударылды
Әйтеке би ауданы аумағында ағып жатқан Ырғыз өзені бойында, суға түсу шомылуға арнайы бөлінген орындарда Төтенше жағдай бөлімі қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып суға түсу орындарын аралады.  Басты мақсат – судағы төтенше жағдайлардың алдын алу. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері демалушыларға жаднама таратты. Жұмыс аясында қауіпсіздік шараларын сақтау және судағы қауіпсіздіктің алғыштарты тақырыбына байланысты 216 жаднама таратылып, 108 адам қамтылды.
Автокөлікте өрттің алдын алу, сондай-ақ автокөлік пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Есіл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп Есіл қаласының көшелерінде профилактикалық рейд жүргізді. Рейдтік іс-шаралар барысында автокөлік иелеріне профилактикалық әңгімелесулер, нұсқаулықтар, сондай-ақ «Автокөлікте өрттен сақтану жолдары» тақырыбында 58 дана жадынамалар таратылды. Аталған жұмыс жалғасуда.
Күншуақты жазда келді. Балалар жазғы демалыста демалуда. Осы жылы көбі қала маңындағы сауықтыру лагеріне барды. Ең танымал ланерлердің бірі - «Түрксібке 50 жыл» лагері. Осы жылы оңда әр маусым сайын 250-300 адам демалуда. Әр маусымда қандай қызықты жағдайлар мен оқиғалар болмады десеш. «Керісінше күндер», «Ұлдар және қыздар күні», ал үшінші маусымда «ТЖ күні »болды. Оқушыларға қонаққа тек қана Семей қаласы жасағының қызметкерлері ғана емес, Бородулиха ауылынан да келді.  Өртсөндірушілер мен құтқарушылар балалрға арнап «Көнілді старт» дайындады. Жарыс алдында денешынықтыру мұғалімін нағыз жылусағылыстырғыш костюмын кигізді. Нағыз «инопланетянинмен» суретке түсуді әрқайсысы қалады. Кішігірім фотосессиядан кейін жарыс басталды.

parad_1

Ертіс өзенінің су айдынында шілде аяғында жыл сайын «Павлодарский Дом географии» қоғамдық бірлестігі «Русское географическое общество» Омбы өңірлік бөлімшесімен бірлесіп «Ертіс күні» дәстүрлік мерекесін өткізеді, оның мақсаты шекаралық өзендердің проблемаларына қоғамдастықтың назарын аудару.
Осындай ауқымды іс-шара мемлекеттік органдардың қатысуысыз және назарысыз қалу мүмкін емес еді. Іс-шаралардың қауіпсіздігін Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қамтамасыз етті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінің 25-жылдығын меркелеу шеңберінде «Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 11 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен жетім балаларға арналған Қалқаман балалар үйіне ойыншықтар жиналып жеткізілді. Бұл қызметкерлердің алғашқы  қайырымдылық науқаны емес. Жыл бойы өрт сөндірушілер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне барып, конкурстар, викториналар, ашық есік күндерін өткізеді.  №11 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Ж.К. Нурғалиев және оның Қалқаман ауылындағы өрт бөлімінің әріптестері балаларға әкелген сыйлықтарын табыс етті. Кездесу соңында өрт бөлімінің қызметкерлері  мекеменің оқытушы құрамымен – балалардың отпен ойнау кезіндегі іс-әрекетін сезіну,  жауапкершілік сезімін түсіну туралы қалай тәрбиелеу жөнінде нұсқаулық өткізді.
2016 жылғы 25 шілде мен 1 тамыз аралығында Ақтөбе облысының ТЖД кадр жұмысы бөлімі бөлімшелердің жеке құрамы арасында әскери-қызметтік тәртіпті нығайту жөніндегі тәрбие жұмысына практикалық көмек көрсету мақсатында бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Кадр жұмысы бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Е.Әділбеков «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Ақтөбе облысы бойынша Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Б.Айткуловпен және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Д.Халмуратовпен бірге Әйтеке би, Байғанин, Қобда, Ойыл, Темір және Ырғыз аудандық бөлімшелеріне шықты.
Жаға-жай аймағын көріктендіру жобасы шеңберінде Қостанай қ. солтүстік бөлігі, Тыбыл маңы бағының ауданы Тобыл өзенінің оңтүстік жағалауында екі өрт сөндіру пирсінің құрылысы қарастырылған.  Пирстердің біреуінің сызбалары мен жобалық-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамасын өткеннен соң бекітілді.
Қазіргі уақытта құрылыстарын жүргізуге мердігер ұйымды іріктеу бойынша конкурстық тәртіптер жүргізілуде. Бір өрт сөндіру пирсі үш өрт сөндіру автоцистернасынаға бір уақытта су жинауға есептелген.  Ол өрт сөндіру үшін көліктің өте тез су жинау мүмкіндігінің бар болуымен тиімді. Өрт сөндіру пирсінің ауданы 16м×9 м құрайды, жақындап келу арақашықтығы  -  
200 м, ені – 7,5 м. Аталған нысан үшін  13 млн. 676 мың теңге көлемінде бюджет салынған. Пирс құрылысының аяқталу мерзімі – 2017 жылдың 1 тоқсаны. Екінші өрт сөндіру пирсінің жобасы бекіту барысында.
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ Комитеті Солтүстік өңірлік аэроұтқыр-жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Г.Сайфутдинов «Қазақстан-Қостанай» облыстық телеарнасындағы «Тобыл таңы» таңғы бағдарламасына қатысты. Бағдарлама тікелей эфирде өтті және де судағы азаматтардың қауіпсіздігі мәселелеріне арналды.
Г.Сайфутдиновтың айтуынша, жалғасқан қаптап ыстық бұрынғыдай көптеген демалушыларды суда салқындап демалуға шақырады. Адамдардың өзендер мен көлдердің жағалауында көп уақыт өткізуі  штаттан тыс оқиғалардың орын алуы мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.
Суға түсу маусымы ашылғалы бері Семей қаласы бойынша 10 адам суға батып кеткен, оның ішінде екеуі бала. Жыл сайын Семей суларында оннан астам адам қайтыс болады. Олардың кейбіреуі ғана өзіне қатысты емес себептермен қайтыс болса, қалғандары өздерінің қарапайым ережелерді сақтамағандықтан суға кетіп жатады. Ең бастысы «су астында не бар екенін білмесен – суға кірме» дегендей.  Құтқарушылар әр апта сайынғы кезекшілікте «демалыс кезінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау» туралы еске салды.
Осы жолы да, 2016 жылдың 30-31 шілде айында қызметкерлер тағы да азаматтарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұстану, демалушыларға тек қауіпсіз орындарда ғана суға түсуге, неғұрлым мұқият және абай болуды, судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.
Рейдтар мен кезекшіліктің негізгі мақсаты – судағы қауіпсіздікті алдын алу болып табылады. Осы мақсат үшін демалушылардың арасында әңгімесулер мен нұсқамалар жүргізіледі. Осындай рейдтар барысында тұрғындардан  90 адамға тартылды, 12 адамға нұсқаулықтар өткізіліп, 90 дана ескерткіштер таратылды.
Есіл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің, Есіл қ. №9 ӨСБ-нің қызметкерлерімен және Есіл ауданының жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, адам өлімін болдырмау мақсатында Есіл өзені және Қызыл-су су айдындарында суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде күн сайын профилактикалық рейд жүргізілуде. Рейд барысында  демалып жатқан адамдармен нұсқаулықтар жүргізіліп және  суға батушыға алғашқы көмек көрсету, сақтану туралы жадынамалар таратылуда. Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
tsu_1 В период с 25 по 28 июля 2016 года на ТЭЦ-2 АО «Павлодарэнерго» проведены тактико-специальные учения по ликвидации аварийных ситуаций на предприятиях энергетики. В данных учениях участвовали пожарные аварийно-спасательные части филиала АО «Өрт сөндіруші» Павлодарской области по охране ТЭЦ-2 и ТЭЦ-3 и оперативный персонал станции.
Согласно плану учений, исходя из тактического замысла, привлечённым силам и средствам необходимо было выполнить ряд задач: противопожарной службе – обеспечение тушения пожара на угольном складе объекта; медицинской службе – проведение эвакуации и оказание первой медицинской помощи пострадавшим; службе дозиметрического контроля – проверка уровня загазованности вредными веществами в зоне ЧС; инженерной службе – проведение работ по созданию противопожарных разрывов.
Әдеттегідей аса көңіл бейәлеуметтік өмір салтын ұстанатын азаматтарға бөлінуде, өйткені, дәл сол адамдар қарапайым өрт қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзып, өрттің шығуына себепші болады.
Бұл тұлғалар тобы өз өмірлеріне өздері қауіп төндіретіндігін де ойламайды, мас күйінде төсек орнында темекі шегеді, үйлеріне «достарын» жинап, алкогольді ішімдік пайдаланады және т.б.
Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасы  қызметкерлері Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлерімен, «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушыларымен және жергілікті «Қоғам ТД» телеарнасы тілшілерімен бірге Сырдария өзені жағасында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында рейдтік іс-шара өткізді.
      Ең бастысы балалар мен жасөспірімдерді судағы төтенше жағдайдан сақтандыру, оларды қараусыз қалдырмау және ересектердің  мас күйінде суға түспеуі жайында айтты.  Олармен дария жағасында әңгіме жүргізілді. Суға түсудің ережесі жөнінде 200 данаға тарта жадынамалар таратылды. Оған қоса дария жағасында демалушыларға суық суға түспеу туралы және күн райы құбылғанда суға түсуге асықпау туралы айтылды.
2016 жылдың 2 тамызында Қызылорда қ. Шығармашылық Үйінде Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы басшысының міндетін атқарушы Т.Қойшығараевтың, Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қызмет подполковнигі М.Қобландиевтің, Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қызмет капитаны Ә.Мардановтың қатысуымен «Жазғы кезеңдегі судағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өткізілді.
Баспасөз-мәслихатын Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қызмет подполковнигі М.Қобландиев ашты.

slet_zko_1

Қазақстан, Ресей және Германия елдерінің арасында өткен 3-ші халықаралық жас өрт сөндірушілер слетінің жеңімпаздары облыстық Қазақстан-Орал телеарнасындағы «Күншуақ» бағдарламасына қатысты.
Жақында ғана халықаралық слет аяқталып, бұл он күндік слет кезінде үш елдің балалары әртүрлі сайыстарда сынға түсті. Толық топтық сайыста Қазақстан бас жүлдені иеленсе, екінші орынды Ресей, үшінші орынға Германиядан келген қонақтар тұрақтады.
Таза ауа, күннің көзі және су дұрыс пайдаланған уақытта адамның денсаулығын жақсартып, шынықтырады. Алайда, су айдындарында қарапайым  қауіпсіздік ережелерін сақтамау өкінішті жайттарға, тіпті суға батып кету қауіпін тудырады. Міне, сондықтан да әрбір адам суда жүзе білуді үйреніп, үнемі қауіпсіздік ережелерін сақтап, оқиға болған жағдайда адамды кұтқарып,алғашқы көмек көрсете білу керек.Өкінішті жағдайларға көбінесе суда жүзе білмейтін балалар емес, өйткені олар суда тереңге бармайды, керісінше, жүзе білетіндер тап болады. Себебі олар өздерің шебер жүзушіге балап, тереңде жүзеді.
Сондықтан судағы қауіпсіздік ережелерінің негізгілерін естеріне салып өтейін:
·  Арнайы белгіленген орындарда жүзіңіздер, ол болмаған жағдайда жағадан алысқа ұзамаңыздар;
·  Қайықтарға, катерлерге жақын жүзуге болмайды;
·  Тайыз жерлерге немесе түбі белгісіз суға секіруге болмайды;
·  Қайықтан, көпірден немесе арнайы белгіленбеген орындардан суға секіруге болмайды;
·  Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң бірден суық суға секіруге болмайды, ол есеңгіретіп, есті жоғалтуға немесе жүректің тоқтап қалуына әкеп соқтыруы мүмкін. Алдын ала суға шайынып алу керек;
·  Қатты дауылда не толқында суда жүзуге болмайы;
·  Жағалауында  үлкен тастар, плиталар бар орындарда суға түсуге болмайды, өйткені олардың үстін мүк басып, сырғанақ болады. Олардың үстінен жүруге қауіпті.
·  Үрлемелі матрастар мен дөңгелектер тек жағалауда жүзуге арналған;
·  Достарыңмен судың астында ұстау, суға құлату ойындарын ойнауға болмайды, ол тұншығып, есінен танып калуы мүмкін.
Балалар! Әрқашанда судағы қауіпсіздік ережесін сақтаныздар, оны достарына үйретіңдер. Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда ғана су жағасындағы демалыс қайғылы болмайды.
Ержан Өтегенов
 Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Шал ақын ауданы Төтенше жағдай бөлімінің инженері
Суға түсу маусымы басталуымен су 17 адамның өмірін алып кетті, соның ішінде 4 бала. Оқыс оқиғалардың себебі жабдықталмаған орындарда суға түсу және де ішімдікпен мас күйінде болуы. Балалармен болған оқиғалар – бұрынғыдай ересектердің қарауынсыз қалуы. Барлығы маусым басынан бастап судан 160 астам суға шомылушылар құтқарылды.
Осы жазғы ыстық күндері адамдардың көпшілігі өзінің бос уақытын суда өткізгенді қалайды. Суға түсу маусымының басталуымен және оның аяқталуына дейін құтқарушылар үшін судағы ең қызу кезең. Адамдар жай ғана өз күштерін асыра бағалап, қаншалықты қауіпті болуын түсіне білмей алысқа жүзуі аз емес. Сондықтан су жаға-жайларындағы профилактикалық рейдтер жаз бойы күн сайын жүргізіледі. Алайды жаға-жайға келушілердің көбі суда абай болуды ереже ретінде санамайды. Құтқарушылар кезекті рет азаматтарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды назарына салады. 
Атырау облысының ТЖД басшылығы 2016 жылғы 29 шілдеде Атырау қаласының орталығында Жайық өзені бойынша өткен мерейтойлық, жиырмасыншы, қазақстан-ресей тарихи-мәдени, экологиялық, спорттық-туристік экспедицияға қатысты. Қатысушылардың ең басты мақсаты – бұл достық байланыс пен шекара бойындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Ал ең басты міндеті – бұл Жайық өзені бассейніндегі экожүйе мәселесін шешуге қоғам мен екі мемлекет үкіметінің назарын аударту. Осы жылы экспедиция су бойынша 300 шақырым өтті.
Қазіргі таңда өрт сөндіру үшін негізгі қажеттілік болып табылатын ол – су көздері, яғни өрт сөндіру гидранттары мен су қоймалары екендігі баршаға белгілі. Осыған орай, Жуалы аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің басшылығы аудандық әкімшілікке өзен жағалауынан өрт сөндіру автокөліктерінің су алуына ыңғайлы етіп өрт сөндіру автокөліктеріне су алатын орын (пирс) салынса, туындаған өрт оқиғалары кезінде аталған пирстің бірден бір көмек болатынын мысалға келтіре отырып ұсыныс берген болатын.
Аталмыш мәселе жан-жақты қарастырылып, нәтижесінде Жуалы ауданындағы Қарасаз ауылдық округіне жақын орналасқан Шақпақ өзенінен өрт сөндіру машиналарына арналған су алатын орын салынды.
2016 жылғы 27 шілдеде «Өрт сөндіруші» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысының филиалы «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистралды газ құбырлары басқармасы «Ақбұлақ» желілік-өндірістік басқармасының газ компрессорлық станциясында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығудың мақсаты – объектідегі өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығын жоғары деңгейге көтеру, өртті сөндіру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері өрт сөндірушілерінің және ЖӨБ барлық қызметтерінің бірігіп әрекет етуін жетілдіру.
Павлодар – Ертіс өзенінде орналасқан ірі қалаларының бірі. Қаланың орталық жағасының бірегей сәулетті ансамблі қаланың тұрғындары мен қонақтарын еліктіреді. Осы жерде балалармен жайдары серуен, алғашқы кездесу өтеді, біреулер қаланың қарбаласынан демалу немесе кітапты оқу үшін тыныш жерді табады, біреулер өзенде шомылуға және күнге күюге болады, кейбір отбасылық мерекелерін өткізу үшін көркем жерін табады.
veteran_pavl
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ең қарт ардагерлерінің әскери қызметшісінің бірі подполковник Владимир Владимирович Кривовязов қайтыс болды.
Владимир Владимирович Кривовязов 1937 жылғы 4 мамырда Киев қаласында офицер отбасында дүниеге келді. Мектепті аяқтағаннан кейін Северо-Двинское теңіз училищесіне оқуға түсті. Екі оқу жылынан кейін училище Баку қаласына көшіп кетеді. 1959 жылы Владимир Владимирович Баку қаласында Жоғары әскери теңіз училищесін аяқтады. Дәл осы уақытта тікұшақты әскерлер ұйымдастырылды, ол қайтадан оқуға жіберілді, содан кейін Төменге жіберілді, ал 1961 жылы Байқоңыр ғарыш айлағына жіберілді, онда ол 1982 жылға дейін қызмет өткерді.
Құтқару операциясы 28 шілдеде Риддер қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының кезекшісіне жидек теруге кетіп оралмаған адам туралы хабар келіп түскен күні дереу басталған еді. Іздестіру жұмыстарына бірден мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 15 адам жұмылдырылды. Іздестіру нәтиже бермеді. Осыған байланысты іздестіру операциясына ІІМ ТЖ комитетінің Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағын жіберу туралы шешім қабылданды.
29 шілдеде ШӨАЖҚЖ-нан 10 адам іздеу жұмыстарына кірісіп кетті. Тұрғындардан сұрастырған соң жігіттер адамдар көрсеткен бағытқа қарай Алтай бақша қоғамы жағына жол тартты. 20-25 шақырым бал арашыларды, шаруа қожалықтарын айналып өтіп еш нәтиже бермеген соң топ қайта оралды.
30 шілдеде іздеу аймағының қарсы жағындағы Синегорье демалыс базасының демалушыларынан Громотуха өзенінің жағасындағы ер адам шыға алмай тұрғандығы туралы хабар келіп түсті. Зардап шегуші жидек теруге кеткен Риддер қаласының 80 жасар тұрғыны болып шықты.
Барлығымызда балалық шақты өткердік. Сөзсіз, біздің әрқайсымыз  бұрын жазғы балалар лагерінде демалды. Қостанай облысының ТЖ департаменті мамандары жақында «Алтын-Гуль»,  «Достык»  және  «Лесная сказка» балалар сауықтыру лагерлеріне барып  бір мезетке алыс балалық шақ атмосферасына оралды. Балалар лагердегі демалыс уақытын  өзіне пайдалы қолдану және төтенше жағдай орын алар болса өзін дұрыс тәртіпті ұстауды үйрену үшін, Департамент қызметкерлері оларға  жазғы демалыс мезгілінде қауіпсіздік ережелері туралы айтып берді.  
Департаменттің ТЖ жою бөлімі бастығы азаматтық қорғау майоры Д.Саринов балаларды жүзіп суға батып бара жатқанды эвакуациялау ережелерімен таныстырды. Оларға құтқарушы жилетін қалай дұрыс киюді және құтқарушы дөңгелегін қолдануды, батып бара жатқанды жаға-жайға тартуды көрсетті. Сонымен бірге тек қол асты құралдарын қолданып қана адамды құтқаруға болатынын да көрсетті.
Алматы облысы ТЖД Алакөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Ырғайты ауылдық округінің әкімі, жергілікті полиция қызметкерлері және Алакөл аймағының құтқару станциясының құтқарушылары мен бірлесіп Алакөл көлінің жағалауында төтенше жағдайларды алдың алу үшін рейдтік іс-шара жүргізді.
Біріншіден, рейдтік іс-шараға қатысушылардың назары, көл жағалауында үлкендердің қарауынсыз қалған балаларға, жас өспірімдерге және мас күйінде суға шомылушыларға аса назар аударды және олармен суға шомылу кезінде орындалатын негізгі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көл жағасының демалушыларына қауіпсіздік ережелері көрсетілген ақпараттық парақтардың 380 данасы таратылып берілді. Сонымен қатар демалушыларға көл толқынды және суық кезде суға шомылуға болмайтыны ескертілді.
Өрт сөндіруші-құтқарушы – бұл өз ықыласына бой ұру. Құтқарушы болуға деген тек қана ықылас пен әуестілік жеткіліксіз, ол үшін шымыр, алдағы қиындықтарға деген төзімділік, моральді-психикалық дайын болу керек, өйткені төтенше жағдайлар орын алған кезде дәл осы өрт сөндірушілерге жедел әрекет етіп және аз уақытта құтқару жолдарының жоспарын құруға тура келеді.
Кез келген жағдайға дайын болу үшін өрт сөндірушілер әрдайым салауатты өмір салтын ұстанады, спортпен айналысады және дұрыс тамақтанады. Себебі олар біреудің өмірін құтқарып, қайғылы оқиғалардың алдын алады. Керемет жұмыстың кепілі – қайта-қайта жаттығу және өз күштерін уақытылы сынау. Астаналық өрт сөндірушілер әр күн сайын төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерін жетілдіріп, өз-өздерін сынап, тәжірибелерін шыңдайды. Спорт пен кәсіби дайындық – елордалық құтқарушылар үшін әрқашан ең бірінші орында. Өйткені бұл сала кәсібисіздікті көтере алмайды. Өрт сөндіру қызметінде тек қана үздік жұмысшылар ғана қызмет етеді, өйткені олар астаналық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қатарына қосылу үшін қатаң іріктеуден өтті.
Өткен жылдың тамыз айында Жылыой ауданының Құлсары қаласында бес қабатты тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алды. Бұл өрт кезінде бөлімше командир азаматтық қорғау старшинасы Бисешов Қонақбай ерлік көрсетті. Өрт туралы хабарлама түскеннен кейін шақырту орнына жеткен кезде төртінші қабаттағы пәтердің бірінде үйдің балконы ашық отпен жанып жатқандығы, үйдің дәлізі толық түтінге оранғандығы анықталды. Тұрғындардың барлығы үйлерінен шығып үлгереді, алайда бесінші қабаттағы қалың  түтіннің кесірінен адамдар, оның ішінде үш бала қалып қойған болатын. Бисешов Қонақбай қарауыл бастығынан тапсырма алғаннан кейін, екінші бөлімшемен қалып қойған адамдарды құтқару үшін 5-ші қабатқа көтеріледі. Балалардың айқайлаған және жылаған дауыстарын естіген бөлімше командирі арнайы құралдармен темір есікті ашып, пәтерге кірген кезде кереуеттің астында тығылып жатқан үш кішкентай баланы көреді. Балаларды бір-бірден қол көтеріп алып түтінге оранған пәтерден балаларды шығара бастайды. 
29 шілде күні №8 өрт сөндіру бөлімінде «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Бүгінгі күннің батырлары» бағдарламасына және Астана қаласының әкімдігінің сайтына арнап қазіргі қоғамның батыры Салкеев Асхатты түсірді.
«Бүгінгі күннің батырлары» бағдарламасының кейіпкерлері  -   қоғамда ерлікпен пара-пар  іс атқарып,  көпке үлгі болып жүрген ерекше адамдар.  Бірі   бейтаныс жанды құтқару үшін өз өмірін қатерге тіксе, екіншісі,    жетімдерді  желеп-жебеп, оларға  ана болған арулар,  енді бірі   -  жан-жағын, туған ауылын қамқорлыққа алып, демеушілік жасап жүрген дәулетті азаматтар. Асқақ рухты, қайсар мінезді,   қоғамға ізгілік дәнін сеуіп жүрген бүгінгі күннің  батырлары. Солардың бірі ретінде азаматтық қорғау сержанты Салкеев Асхат Төлегенұлы бағдарламаға түсірілді.
Өрт орны толмас моральдік және материалдық шығынға алып келетіні өздеріңізге белгілі. Осыған орай өрт қауіпсіздігін сақтау және өрт салдарынан болатын адам өліміне жол бермеу мақсатында 2016 жылғы 29 шілдеде Жамбыл облыстық «77» телеарнаның тілшілерімен баспасөз туры ұйымдастырылып, өткізілді. Жалпы облыстық «77» телеарна өзінің жұмысын өткен жылдан, яғни 2015 жылдан бастаған болатын. Телеарна ашылған сәттен бастап-ақ облыстық Төтенше жағдайлар департаментімен және оның салалық бөлімшелерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарып келеді.
Аталмыш шараға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесі мен Тараз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында облыстың азаматтық қорғау саласының қызметкерлерімен өрт кезінде атқарылуы тиіс нұсқаулар көрсетілген жаднамалар мен буклеттер таратылды. Мұндағы негізгі мақсат өрт санын азайтып, адам өлімі жағдайларына жол бермеу болып табылады.   
2016 жылдың 27 шілдесінде бағдарламаға сәйкес семинар-кеңесті жүргізу бойынша қалалар мен аудандардың ТЖ басқармасының және ТЖ бөлімдерінің инспекторлық құрамымен, Департаменттің кадр жұмысымен Ақмола облысы дін істері басқармасының өкілімен бірлесіп, Ақмола облысының дін істері басқармасы жанындағы «КҚҚТДО» КММ ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Тоқсанбаев Данияр Серікбайұлымен «Радикалды ағымдар бағыттарынан Ханафи дәстүрлі исламның айырмашылығы» тақырыбына семинар өткізілді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері капитан Б.Спанов облыс әкімі бекіткен  Қызылорда облысының ұйым, мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының басшы құрамын азаматтық қорғанысқа және төтенше жағдайлар біліміне даярлау мен оқыту жоспарына сәйкес  Сырдария ауданындағы «Жалын» тынығу лагері мен Қызылорда қаласындағы  «Арай - Санрайз» тынығу лагерінің қызметкерлері мен демалушыларына  «Жазғы суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету», «Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру» тақырыптарында сабақ өткізді. Сабақ барысында «Баршаның назарына» құлақтандыру сигналы қосылып, суға батқан адамды жағаға шығару, алғашқы  көмек көрсету және құтқару арқандарымен құтқару жұмыстарын тәжірибе жүзінде көрсетті. Жиынға лагердің 128 қызметкері  мен демалушылары қатысты.
Орынбор облысының Орал маңы ормандары Жайық өзені жағалауынан бастау алған жиырмасыншы, мерейтойлық, ресей-қазақстандық тарихи-мәдени, экологиялық және спорттық Жайық өзені бойымен өткізілген экспедиция Атырау қаласында аяқталады.
Экспедиция маршруты Башкирия, Орынбор, Қазақстанның Батыс Қазақстан және Атырау облыстары территориясынан өтеді. Экспедицияға Батыс Қазақстан, Атырау, Орынбор облыстарының командалары, сонымен қатар Орал қаласы оқу орындарының студенттері қатысты. Байдаркада 70 адам қатысты.
Азаматтық қорғау органдарының даму заңдылықтарының бірі – оның қызметкерлерінің кәсіби шеберліктің өсуі. Тәжірибе көрсеткендей, азаматтық қорғау органдарының жедел-қызметтік қызметтерінің нәтижелері әр қызметкердің кәсіби дайындығына, әр қызметкердің өзінің сана-сезімін жүйелі түрде жетілдіруіне, қызметтік борышын орындау үшін жеке жауапкершілік сезіміне тәуелді.
«Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ кәсіби даярлық мектебінде 2016 жылдың 13 шілдеден бастап 29 шілдеге дейін азаматтық қорғау органдарына жаңадан қабылданған қызметкерлер  «өрт сөндірушілер» санаты бойынша курстық-оқудан өтті.
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері сауықтыру лагерінде болды. Осы жолы өз кезегінде құтқарушылар «Атамекен» жазғы лагерінің балаларымен кездесті.
Балалар үшін өрт қауіпті және суға шомылу кезеңдеріндегі қауіпсіз жүріп-тұру ережелерімен балаларды таныстыруға бағытталған алдын алу іс-шаралары өткізілді. Іс-шараның бірінші бөлігінде тұрмыста және көшедегі өрт кезінде жүріп-тұрудың басты ережелері балалардың назарына жеткізілді, содан соң оларға жазғы кезеңде судағы жүріп-тұру ережелері және суға бату кезіндегі алғашқы көмек көрсету туралы айтып берді.
Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлік-құтқару қызметінің басшысы Алексей Еремеев демалушыларға суда өзін қалай ұстау қажеттілігі, зардап шегуші адамға қалай көмек көрсету қажеттілігі, құтқару құралдарының қалай қолданылатындығын көрсетті.
Слетке қатысушы Қазақстан және Ресейдің жас өрт сөндірушілері БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының Орталық базасында болды.
Оралдық құтқарушылар мен балалардың  бұл кездесу алғаш емес, өйткені он күнге созылған уақытта құтқарушылар жарыстың өтуі кезіндегі қауіпсіздікті сақтап, оқу-әдістемелік көмектер беріп, жаттығуларға бірге қатысуды қамтамасыз етті.
Сондай-ақ, қонақтарды алғашқылардың бірі болып- лабрадор «Мари» есімді төртаяқты құтқарушы қарсылады. Түрлі төтенше жағдайда жоғалған Маридың есебінде бірнеше адамдарды құтқарған  есептер бар.  Кинологиялық есептің көрсетулері кезінде Мари өзінің тәлімгерінің барлық бұйрықтарын мүлтіксіз орындады және соңында үлкен ризашылықпен балалармен бірге суретке түсті.
Оңтүстікте жаз қызып келуде, сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы «Алтын жағажайында» демалушылардың саны артып келуде. Бір күнде 200-ден аса адам осы жағажайда демалады. Сондықтан судағы төтенше жағдайлардың профилактикасына назар аудару аса маңызды.  
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының ТЖ бөлімі жедел-құтқару жасақтың құтқарушыларымен, өрт сөндіру бөлімінің, жергілікті әкімшіліктің қызметкерлерімен және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп Шардара су қоймасындағы адамдар жаппай демалатын орындарда рейд өткізді.  Бұл іс-шараға журналисттік пул да тартылған.  

112

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлар кезінде қоңырау шалу үшін «112» бірегей нөмірі ендірілген. Бұл қызмет - ұялы байланыс операторына ұялы телефоннан, қалалық телефон аппаратынан да қолжетімді. 112 нөміріне барлық келіп түскен қоңырау абонентінің нөмірі автоматы түрде анықталынып, диспетчер және абонент арасындағы әңгіме жазылады.
Қызметтің басты мақсаты азаматтардан келіп түскен қоңырауларды қабылдау, өңдеу, сәйкесінше қызметке жолдау, дағдарысты төтенше жағдайлар, дүлей зілзала және өзге де төтенше оқиғалар кезінде жедел әрекет ету жөніндегі қызметтер мен бөлімшелердің іс-қимылын үйлестіру, кезекшілік-диспечерлік және авариялық қызметтер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл, күштер мен құралдарды жедел басқару болып табылады.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының атына Орал қаласының тұрғыны Т.Гончаровадан алғыс хат келіп түсті, мұнда ол жедел кезекші көмекшісін атап көрсетуді сұрады. 2016 жылғы 15 мамырда азаматшаның үйінде жазатайым оқиға орын алып, баласы Александр оң жақ иығының жарақатын алған. Жігіт өзіне құлаған айнадан алған жарақаты сүйекке дейін терең болып, қансыраған. Жедел кезекшінің көмекшісі жедел жәрдемге хабарласып, үнемі зардап шеккен азаматтың туыстарымен байланыста болған.
Қазіргі заманымызда өрт сөндіруші мамандағының сұранысы жоғары болып табылады. Кез келген жыл мезгілінде, әр елді мекенде және одан тыс жерлерде, міндеттеріне түрлі күрделі дәрежедегі өрттерді  жою, сонымен қатар жану жағдайларының профилактикасы кіретін, шұғыл әрекет ету қызметтерінің қажеттілігі бар.
Август императорының бұйрығымен отпен күресу бригадасы құрылған, Ежелгі Рим уақытының өзінде-ақ өрт қауіпсіздігі жайында алаңдады. Ал біздің күндерімізде осыған ұқсас бөлімшелер әр заманауи қалада бар.
2016 жылғы 29 шілдесінде Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде өртке қарсы қызмет жеке құрамының арасында «өз кәсібінің шебері» атты байқаудың соңғы кезеңі өткізілді.
Байқау екі кезеңнен және екі бөліктен өтті: теориялық және тәжірибелік.

nagr_krg9

Қарағанды облысының ТЖ департаментінде 5 жастағы қызды құтқарған Анастасия Пхенданы марапаттады.
Настя 9 жаста, бірақ өзінің жас болғанына қарамастан, үлкендердің көбі жасай алмайтын әрекетке барды. 
Өз өмірін тәуекелге тігіп, Настя сазға батқан 5 жасар қызға көмектесті. Үлкендер 5 жасар қызды іздеп жүргенде, оны кездейсоқ көріп қалған Настя Пхенда өзі жүзе білмесе де қыз баланы батпақтан шығарып алады. Бақытымызға орай, барлығы жақсы аяқталды.
Настя балаларды бірінші рет құтқарып отырған жоқ.
Өткен жазда ол қыз баланы ағаштан түсіріп алды және 4 жасар ұл баланы автокөлік басып кетуінен сақтап қалды.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Настяның бұл батыл іс-әрекетін назардан тыс қалдырмады. Қыз балаға алғыс хат пен сыйлық табыстады.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жас құтқарушылар жасағының «жауынгерлерімен» кезекті тәжірбиелік сабақ өткізді. Құтқару жасағының медициналық аға-құтқарушысы А.О. Фургонов өзінің тәрбиеленушілеріне төтенше жағдайларға әрекет ету қызметтерінің біріне, атап айтқанда «Аппаттар медицинасы орталығы» ММ Павлодар облысы бойынша филиалына алып барды. 
Қала маңындағы «Орбита» балалар сауықтыру лагерінде, №8 балалар үйінің балалары бірінші жыл демалып жатқан жоқ. Семей қаласының ТЖБ және өртке қарсы қызметтің қызметкерлері жыл сайын оқушыларға қонаққа келіп тұрады. Жыл сайын өртсөндірушілер балаларға арнап жаңа нәрсе істеуге тырысады.

roso2

Барлық балаларға арналған әнде «Что мне снег, что мне зной, что мне дождик проливной…» деп шырқалады. Осы тармақ өлең жолдарына «егерде әрдайым құтқарушылар жанында болса» қосымша қосқын келеді. Шамасы, алматылық туристерді жаңбырлы және жауын-шашынды ауа райы мүлдем үрей тудырмайтын сияқты. Тіпті, осы сияқты ауа райы Оңтүстік астананың жаздық ыстық күндері тауды бағындыруды  ұнататын үшін еш кедергі жасамайтын секілді.  
31 шілде күні 12 сағат 30 минутында Республикалық жедел құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Көкжайлау жолына бара жатқан туристер тобы тауға көтеріліп бара жатып, аяғы сынған қызды байқап қалғандығы туралы қоңырау келіп түсті. Зардап шегушінің сапарға жалғыз шыққандығы және жолда аяғынан байсалды жарақат алып, ары қарай еш қозғала алмай қалғандығы анықталды.   

poiskoi_sko5

Адамдардың өмірін құтқару – бірінші кезектегі маңызды міндет. Осы міндетті орындау үшін қолда бар барлық күштер мен құралдар пайдаланылып, жаңа техниканың мүмкіншіліктері қолданылуда. Басқа жол жоқ – адам өмірі бағасыз және де моральдық парыз соңына дейін баруды міндеттеп отыр...
24 шілдеден бастап СҚО ТЖ департаментінің, Қызылжар ауданының жергілікті полициясы, Соколов орман шаруашылығы КММ жеке құрамы мен техникасы, волонтёрлер мен туыстарынан құрылған біріккен күштер саңырауқұлақ жинауға шығып, үйіне оралмай орманда жоғалған 61 жастағы петропавлдықты іздестіруде.
Іздестіруді және іздестіру топтарының өзара іс-қимылын жедел үйлестіру мақсатында құрамына СҚО ТЖД офицерлері,  орман шаруашылығы, жергілікті полиция өкілдері еңгізілген мобильдік жедел штаб құрылып, СҚО ТЖ департаментінің жедел жасағы бірден іздестіру жұмыстарына кірісіп, аталған іс-шараны өткізуге тартылған барлық күштерді біріктірді.

asr_krg2

«Қазспас - 2016» семинар жиыны қарсаңында Қарағанды облысының Қарқаралы шатқалында Астана қаласы Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылар мен кинологтар командасы Қарағанды облысы ТЖ департаменті Жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімшесімен бірлескен жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығу өткізу барысында бір күн бұрын кешке саңырауқұлақ теруге кеткен егде жастағы әйелдің жоғалуы туралы дабыл қоңырауы түсті. Кинологтар командасы жедел оқиға орынына аттанды.
Саяхатшылық аялдамасына келген бойда, әйел адамның аялдамадан 28-ші шілдеде кешкілік кетіп, оралмағандығы туралы анықталды. Демалыста онымен бірге болған туған-туыстары әжейді өз күштерімен таппақ ниетте қараңғы түскенше шатырлы лагерь аялдамасы айналасындағы орманды және саңырауқұлақ жинауы мүмкін жерлерді аралаған. Туыстарын таба алмаған олар таңертең жергілікті полиция бөліміне хабар берген.
Барлығы Қарқаралы ауданының ТЖ бөлімі, Қарқаралы АІІБ, ОӨАЖҚЖ, Қарағанды қ. ЖҚЖ қызметкерлерінен 25 адам, соның ішінде 5 кинологиялық тобы іздестіруге жұмылдырылды.
Найзағай - өте жиі табиғи құбылыс, найзағайдың түсуімен, күннің күркіреуімен және қатты екпінді желмен беріледі. Әдеттегідей найзағай кезінде жаңбыр түрінде жауын-шашын, сәл сирек бұршақ жауады. Адамның өмір сүруі үшін, тек найзағай үлкен қауіп ұсынады - электр разряды, екі қара бұлт арасындағы немесе қара бұлт және жер арасында пайда болады. Күн күркіреу - бұл тек электр разрядынан кейінгі дыбысы, ол адам үшін мүлдем қауіпсіз болады.
Жақындаған найзағайды көкжиектен түсуінен немесе күннің күркіреуімен байқауға болады. Егер жақындаған найзағайдың белгісі көрінсе, онда үйде күте тұрындар, терезелерді, есіктерді, түтіндіктерді жабыңыз, теледидарды, радио, электр құралдарды, телефондарды өшіріңіз, электр жетектерден, антенналардан, терезелерден, есіктерден алысырақ тұрыңыз.