13 UKO Sovesh 1 Шымкент қаласындағы №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М. Тоқбаевтың төрағалығымен, «НұрОтан» партиясының және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілінің қатысуымен семинар өткізілді. Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы және оның қоғамға пайдасы семинарда талқыланған басты мәселе болды.
ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б. Қамбаров қатысушыларды Президенттің 5 бастамасымен таныстырды.
13 UKO Sovesh 2 Одан әрі «Президенттің 5 бастамасы- әлеуметтік мемлекеттік қалыптастырудың қазақстандық моделі», -деп өз баяндамасын «Нұр Отан» партиясының өкілі Бердіқұл Садыков бастады және Елбасының жаңа әлеуметтік бастамасы қазақстандық қоғамның қажеттілігі мен сұранысына ауқымды жауап болғандығын атап өтті. «Президенттің айтқан бес бастамасының әрбірі еліміздің дамуы үшін өз мазмұнымен нақты және маңызды. Ал сыбайлас жемқорлық мемлекеттің дамуын шектейді. Сондықтанда біз сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күресуіміз керек», -деп айтып өтті.
Семинар барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы Гульмира Төлегенқызы қатысушыларды Агенттіктің мақсатымен және заң талаптарымен таныстырды, сондай-ақ ҚР Президентінің жаңа Жолдауаның «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты 9-шы тармағы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді, дәлелді фактілер мен мысалдарды келтірді. Өз баяндамасында «Тәуелсіздік алған бірінші күннен бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес біздің елдің саясатында ең басты басымдықтардың бірі болып табылады. Өскелең ұрпақ үшін адал қызмет ету ғана табыстың, жоғары жетістіктердің, білімнің және материалдық игіліктің басты өлшемі болу керек»-деп атап өтті.
Баяндамалар семинарға қатысушылардың арасында үлкен қызығушылықты тудырып, баяндамашыларға көп деген сұрақтар қойылды, ал семинардың ресми бөлігі аяқталғаннан кейін көтерілген келелі мәселелер бойынша талқылау жұмыстары жүргізілді.
 
Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмысары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы