Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында келешекте ел дамуының негізгі бес басымдығы көрсетілген, бұл экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Сөзсіз, осы стратегиялық бағдарламалық құжаттың әрбір бағытының жүзеге асырылуы әр қазақстандыққа елеулі болмақ. Елбасы айтқандай, серпінді дамушы мемлекет дамудың жаңа кезеңін бастады және дамыған елде өмір сүру үшін әлі де көп жұмыс атқару қажет.
Жолдаудың басым бағыттарын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті және ел қауіпсіздігінің мүддесін қорғайтын жалпы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін аса маңызды міндет болып табылады.
Жолдауда мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуы тиіс екендігі көрсетілген. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек.
ТЖ комитет және оның аумақтық бөлімшелері 4 түрлі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер пайдаланушыларға қолжетімді, ТЖ комитетінің интернет-ресурсында және ашық үкіметтің порталында орналасқан. 2016 жылы 363, ал 2017 жылғы 6 ай ішінде 167 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Сондай-ақ басымдықтардың бірі кәсіпкерлікті қолдау. Жолдауда бизнестің қолданыстағы реттеушілік жүктемесі өсімнің жаңа моделін жасау міндетімен үйлеспейтіні туралы айтылады. Осылайша, бизнесті қайта реттеу бойынша жүйелік шаралар қабылдау қажет.
ТЖ комитеті бизнеске әкімшілік қысымды азайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді. Осылайша, соңғы 7 жыл ішінде рұқсат беру жүйесінің реформасы қандай да бір қызметтің түрін келісу сатысында өрт қауіпсіздігі бағыты бойынша барлық бақылау элементтерін жойды (68 рұқсат беру рәсімдері шығарылды). Тексеретін парақтардың 23 нысандары әзірленіп бекітілді, оларға нормативтік құқықтық актілермен реттелген өрт қауіпсіздігі талаптарының жалпы санынан 30% ғана қосылды.
«Мүлтіксіз» бақылау қағидасынан кетуге бағытталған, бақылаудың және қадағалаудың жаңа нысандары мен әдістерін қамтитын бақылау және қадағалау қызметінің жаңа әдістемесі енгізілді. Тексерілетін субъектілердің әзірленген іріктеу өлшемдеріне сәйкес бақылауға тек қана бақылаудағы объектілердің жалпы санынан 20% ғана жатады.
Өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылаудың баламасы ретінде өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит енгізілді.
«Бәріне тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын жүзеге асыру шеңберінде азаматтық қорғау органдарының офицерлерін дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны - бұл Көкшетау техникалық институты. Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге қабілетті азаматтық қорғау саласындағы мамандарды дайындау бойынша мемлекет міндеттерін атқарады. Курсанттар бүкіл оқу кезеңінде толық мемлекеттік қамтамасыздандыруда болады, ал түлектерге азаматтық қорғау лейтенанты атағы беріледі және ТЖ комитетінің бөлімшелерінде кепілді жұмысқа орналастырады. Осы жылы КТИ құрылғанына 20-жылдығын атап өтеді, жыл сайын 110 маман шығарады. Үш тілдегі білімге кезең-кезеңмен көшуді орындай отырып, институтта тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеумен ағылшын тілінде оқытуды біртіндеп енгізу жоспарлануда.
«Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшеміне айналып келеді» Жолдауда көрсетілгендей қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылады. Құтқару ведомствосының басты мақсаты азаматтарды және ел аумағын төтенше жағдайлардан сенімді қорғау болып қалады.
ТЖ комитеті өзінің аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерімен, күштерімен және құралдарымен азаматтық қорғау мамандары жұмыс істейтін жедел қызметті атқарады. Қаруландыруда өрт сөндіру, авариялық-құтқару және арнайы техникасы бар. Бұл тұрақты қажеттіліктегі және тәуліктік әзірліктегі күштер мен құралдар.
2017 жылғы 6 ай ішінде ТЖ салдарларын жою үшін авариялық-құтқару жұмыстарына 31 мыңнан астам шығу болды, авиациямен 590 ұшу жасалды, бұл ретте 6 400-ден астам адам құтқарылды және 20 мыңнан астам адам көшірілді, 3 мыңнан астам зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Жыл сайын азаматтарға қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жобалар іске қосылады. Осындай жобалардың бірі Астананың сол жағалауында орналасқан Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі. Өрт сөндіру депосын салу
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды. Жоғары білікті мамандарды тарта отырып, тиісті жабдықпен және техникамен жарақталған, заманауи стандарттар мен қолданыстағы нормаларға жауап беретін өрт сөндіру депосын пайдалануға беру нәтижесінде өртпен тиімді күрес үшін жағдайлар мен нақты мүмкіндік жасалады.
Теміржол көлігінің қызметкерлеріне және олардың жанұяларына, сонымен қатар еліміздің шалғайдағы және жетуі қиын ауылдық елді мекен тұрғындарына мобилдік көп бейінді білікті кеңес беру-диагностикалық көмек көрсету бойынша бірегей әлеуметтік жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Ағымдағы жылдың басынан бері ҚР ІІМ ТЖ комитетінің «Апаттар медицинасының теміржол госпиталі» АҚ-ның «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» медициналық поездарында Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының 82 станциясынан 23 мыңнан астам тұрғын қаралды және тексерілді.
Азаматтық қорғау органдары алдында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғауды одан әрі дамыту және жетілдіру, ҚР «Азаматтық қорғау» Заңын іске асыру бойынша мақсаттар тұр.
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі