001 poslaniepvl Успен ауданы! Халық-демократиялық партиясы аудандық филиалының ғимаратында аудандық филиалы төрағасының орынбасары А.В. Видің төрағалығымен төтенше жағдайлар бөлімі және № 24 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесуі өтті. Әңгімелесу барысында қатысушылар Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі ережелерін және қойылған міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылады. Кездесу спикері қазіргі уақытта 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 60 қадам орындалғаны туралы айтты. Қалғандары ұзақ сипаттағы қадамдар, сондықтан жоспарлы түрде жүзеге асырылады, - деді баяндаушы. Сондай-ақ ауылдық ауданның аумағында міндеттер қалай шешілетініне тоқталды.
001 poslaniepvl Барлық қазақстандықтар сияқты азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдайды. Өздерінің сөз сөйлеулерінде тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешудің маңыздылығы туралы бірауызды пікірлерін білдірді. Бұл баспанамен қамту, жалақы мен зейнетақыны көтеру. Пікірталас қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының қазақстандықтардың әл-ауқаттылығын жақсартуға бағытталған жолдауы еліміздің дамуындағы жаңа кезеңді ашып дамытатыны аталып өтті.
Железин ауданы! 2018 жылғы 18 маусымда Нұр Отан партиясы филиалының ғимаратында Железин ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамымен «Нұр Отан» аудандық филиалының сыбайлас жемқорлық бойынша қоғамдық кеңесінің төрағасы Амангелді Қасенұлы Сейітов және Нұр Отан Партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеген Сәрсенұлы Сәрсенов «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы» тақырыбына кездесуді өткізді. Жолдауды талқылау кезінде мемлекеттік қызметшілердің алдына қойылған міндеттерге, әсіресе 10 тараудағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне назар аударылды.
Павлодар облысы ТЖД