Еліміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін сыбайлас жемқорлық сияқты құбылыспен күрес мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде күн сайынғы тапжылмай еңбектенуді, әр мемлекеттік қызметші тарапынан күш салысуды талап етеді. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитеті осы қоғамдық зұлыммен күреске бірінші деңгейлі көңіл бөлінеді. ТЖ комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс ұдайы жүргізіледі. Оның көп қырлы және көп деңгейлі сипаты бар, іс жүзінде мемлекеттік орган іс әрекетінің барлық спектрін қамтиды.
Департамент басшылығымен объектілер жағдайын тексеру кезінде қызметкерлердің іс әрекетінің заңдылығын үнемі бақылаумен айналысады. Объектілерді қолдануға, аяқталған құрылыстар, қайта қалпына келтірілген объектілерді және т.б. қабылдау кезінде қызметкерлер тарапынан жеке тұлғаларды мүдделік қолдау жасауына, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілері ісіне қызметкерлердің заңсыз араласуына жол бермеу жөнінде жұмыстар жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың пайда болу жағдайларының алдын алу бойынша іс-шаралар жасалған. Барлық деңгейлердегі құрылымдық бөлімшелер басшыларын олардың қарауындағы бөлімдері қызметкерлерінің жіберген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының әр фактісі бойынша жеке міндетті жауапкершілікке тарту тәжірибеге енгізілген.
Әкімшілік кедергілерін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізіледі. 2016 жылдың шілде айында СҚО ТЖД сайтында онлайн режімінде Департаментттің кадр жұмысы бөлімі өкілінің қатысуымен интернет-конференция өткізілді. Сыбайлас жемқорлық тақырыбында келіп түскен сұрақтарға нақты жауап берілді. Сонымен қатар, 17 қыркүйекте «Северный Казахстан» газетінің редакциясында СҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен «тікелей эфир» өткізілді. Олар Комитеттің аумақтық органындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық пен қылмыстарды алдын алу тақырыбы бойынша бірқатар сұрақтарға жауап берді. «Тікелей эфир» материалдары аталған баспаның 2016 жылдың 17 қыркүйегіндегі нөмірінде жарияланды.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына» сәйкес, жемқорлықты болдырмау мақсатында, Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы салалық Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс – шаралар жоспары бекітілді. Жыл басынан бастап жемқорлыққа қарсы тақырыпта 30 іс – шара ұйымдастырылып өткізілді (радио бойынша – 11 сөз сөйлеу, баспада –9 мақала жарияланды, ҚР ІІМ ТЖК сайтында – 3, СҚО ТЖД сайтында - 7). Кәсіби дайындық шеңберінде сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған 7 дәріс, 4 дөңгелек үстел, 16 семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросы, «Нұр Отан» партиясы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлердің құқықтық мәдениеті және құқықтық хабардар болуы мақсатында Департамент қызметкерлерімен ай сайын сабақтар өткізеді. Заң тобымен Департамент жоспарына сәйкес, құқықтық жаппай оқу шеңберінде сыбайлас жемқорлық және басқа бұзушылықтармен байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке түсінік беру жөнінде сабақтар өткізілді. Әкімшілік іс қозғау саласында бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында кәсіби дайындық жүйесінде әкімшілік заңнамалар талаптарын зерделеу бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылды және өткізілді.
Таңдап алған кәсібі бойынша білімдер және тұрақты кәсіби дағдыларды игеруде жас қызметкерлерге көмек көрсету үшін тәлімгерлік іс-тәжірибесі енгізілген. Жаңадан алынған қызметкердің атқаратын лауазымында білікті маман ретінде қалыптасу процесін жеделдету және ұжымда бейімделуі үшін оған тәлімгер бекітіледі.
Департамент қызметкерлерімен «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңының талаптары еш тоқтаусыз жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру уақытында, заңнамалармен бекітілген мерзімге сәйкес іске асырылады. Қатаң бақылау жүргізіледі, жауапты тұлғалар белгіленген, рұқсат құжаттар беру кезінде «жалғыз терезе» қағидаты қатаң сақталады.
Департаментте болуы мүмкін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау, қандай да бір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыс жасауға жол бермеуді қызметкерлер санасына енгізу, Департаменттің жағымды бейнесін жасау және нығайту бойынша іс-шаралар жоспарланған.
Азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішев
СҚО ТЖ департаментінің
кадр жұмысы бөлімінің бастығы