ovt o corupcii vko 1 Әскери, еңбек и құқықтық тәртіп – жетістіктің кепілі және Төтенше жағдайлар департаментінің оң беделінің қалыптасуының негізі. Тәртіп пен ovt o corupcii vko 2 заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Оңтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қатардағы қызметкерлердің қатысуымен бастықтың орынбасары полковник Батыргали Сопбековтың төрағалығымен өткен дөңгелек үстелде талқыланды.
2016 жылы ОҚО ТЖД 17 қызметкер теріс қылықтары бойынша жұмыстан босатылды. Босатылу себептерінің ішінде: наркотиктер, жұмысқа келмеу және сенімсізсендіру әрекеттері. Осы сандар мен себептер кадр жұмыстары бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бекзат Қамбаровтың баяндамасында айтылды. Оның баяндамасында жағымсыз оқиғалар және өзінің қызметіне салғырт қарағаны үшін уақытында босатылған жеке тұлғалар туралы тура және ашық айтылды.
Дөңгелек үстел жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы басқармасының басшысы Алиайдар Зейнабилов және «Нұр Отан» партиясы филиалының заңгері Асқар Еркінбеков қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында Алиайдар Зейнабилов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі ерекше назарда болуы тиістігін атап өтті. Сондай-ақ, ол 2016 жылы құтқарушылар тарапынан құқықбұзушылық оқиғалары тіркелмегенін, алдын алу шаралары ешкімге зиянын тигізбейтінін айтты.
Батырғали Сопбеков дөңгелек үстелді қорытындылай келе: «Департаментте еңбек және қызмет тәртібін жақсарту, заңдылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды сақтау, жеке құрам арасында алдын алу жұмыстары мен кәсіби даярлау мәселелеріне аса назар аударылады», - деп атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар тәртіпті сақтау мәселелеріне назар аударуды күшейту - ТЖ департаменті қызметкерлерінің барлық деңгейдегі жұмыстарында сыбайлас жемқорлықты болдырмауды қамтамасыз етеді деген бірлескен шешімге келді.
 
Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы