ovt uko 1 Сыбайлас жемқорлық - лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану негізінде жасалатын қылмыстық іс. Қандай да бір қылмыс жасап біз тек өзімізге ovt uko 2 ғана емес еліміздің дамуына үлкен нұқсан келтіреміз. Сондықтан да біз заңның барлық талаптарын мүлтіксіз сақтап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуіміз қажет. Бұл үшін әрбір азамат заң талаптарын жақсы білуі керек.
Осыған орай Шымкент қаласындағы №4 мамандандырылыған өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруына жол бермеу – осы іс-шараның басты мақсаты болды. Дөңгелек үстелдің жұмысына Шымкент қаласы, Қаратау ауданының аға прокуроры Ерлан Саржанов, Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік кірістер басқармасының Қаратау ауданы бойынша өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Қалдыхан Тұрабаев, Қаратау аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Берік Асқаров қатысты. Іс-шара барысында кадр жұмысы бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау кап ovt uko 3 итаны А. Сыздыкова сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар және білім деңгейін арттыру, әдептілік ұстанымын жоғарлату туралы айтып берді.
Қонақтар Қазақстан Республикасының Заңнамаларын сақтамау әкімшілік, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатындығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлердің арасында тәртіпті қатаң сақтауға үлкен көңіл бөлу керектігін баса айтты. сұрақтарына жауап берді. Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Қалдыхан Тұрабаев қызметкерлердің салық декларациясы бойынша сұрақтарына жауап берді. Дөңгелек үстел соңында қызметкерлер сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы бейнеролик көрді.
 
Азаматтық қорғау полковнигі М. Тоқбаев
Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары