corup alm obl 2017 жылы 23 қаңтарда Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер» атты тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Алматы облысы Ішкі істер департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының өкілдері шақырылды.
Дөңгелек үстел барысында Алматы облысы ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының жедел аға уәкілі, полиция подполковнигі Сейіл Меденов сөз сөйледі.
Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Рамиль Бояров сөз сөйледі.
Талқылау барысында жемқорлық деген проблемамен күресу үшін кандай нақты шаралар қолданылуға болады деген пікірлерімен алмасты. Мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықты болдырмау, мемлекеттік қызметкерлерлердің атақ-бейнесін көтеру және мемлекеттік тәртібін нығайту керектігін айта кетті.
Жиын соңында дөңгелек үстелге қатысқандар бір ауызды тұжырымға келді, сыбайлас жемқорлық пен күресуде шек болмауы тиіс. Тек бірлесіп күш салғанда ғана нәтижелерге қол жеткізу мүмкін.
 
Алматы облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы