Kr Stol U Kam Өскемен қаласының ТЖ басқармасында Өскемен қ. «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
«Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова іс-шараны ашып, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында «Нұр Отан» партиясы қызметінің қорытындысымен қатысушыларды таныстырды. Отырыс барысында рұқсат ету процедураларын қысқарту, бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді азайту, рұқсат ету құжаттарын беру және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі сұрақтары талқыланды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға мүмкіндік туғызатын негізгі жағдайлар мен себептерді, сонымен қатар осы салада нормативтік құқықты реттеуді жетілдіру бойынша бірқатар шараларды атап өтті.
Іс-шарада сондай-ақ тағы бір маңызды сұрақ айтылды – мемлекеттік қызметшілердің этикасы, субординацияны сақтау, көпшілік алдында сөз сөйлеу, әріптестерге қатысты мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы стандарттары, сонымен қатар қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық.
«Біз, осындай жұмыстарды жүргізген соң күтетін нәтижелер – бұл мемлекеттік органдарда жемқорлықтың пайда болуына төзімсіздікті және бірінші басшы жағынан оларды болдырмау жөнінде қандай-да бір алдын алу жағдайларының нақты шараларын қалыптастыру», - деп атап көрсетті «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар заңды құрметтеу, қорқытып алушылыққа, парақорлыққа қарсы тұруға тәрбиелеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына барлық амалдармен одан әрі белсенді насихаттау жүргізуді шешті. Тиімді жұмыс істеу үшін жемқорлықпен күрес сұрақтары бойынша одан әрі де дөңгелек үстел және бірлескен отырыс өткізу керек деп шешілді.
 
Өскемен қаласының ТЖ басқармасы