Талдықорған қаласының № 25 орта мектептің мәжіліс залында, сондай-ақ Алматы облысы Іле ауданының Өтеген батыр ауылында аудандық әкімшілігінің мәжіліс залында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық және тәртіпті сақтау, сондай-ақ ТЖД қызметкерлерін діни экстримизмнен алдын алу» атты тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге уәкілетті органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ «Нур Отан» партиясының өкілдері шақырылды.
Дөңгелек үстел барысында Алматы облысы ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Алтынбеков Қанат Департаменттің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін атқарылған жұмысы туралы баяндама жасады.
Сондай ақ өз пікірлерімен сыбайлас жемқорлықты алдын алу және күресудің тиімді әдісін қолданылуын талқылауда Алматы облысы Мемлекеттік қызмет департаменті бастығының орынбасары Данияр Сарыбаев, Іле ауданы өңіраралық Сыбайлас жемққорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Бірлік Ізбасаров, «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалының өкілі Ақжан Ақмажанов, Алматы облысы ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы жеке құрам бойынша инспекциясының аса манызды істер бойынша аға инспекторы полиция майоры Мұратхан Ешжанов бөлісті.
Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ТЖД ардагерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Талқылау барысында жемқорлық деген проблемамен күресу үшін кандай нақты шаралар қолданылуға болады деген пікірлерімен алмасты. Мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықты болдырмау, мемлекеттік қызметкерлерлердің атақ-бейнесін көтеру және мемлекеттік тәртібін нығайту керектігін айта кетті.
Жиын соңындадөңгелекүстелгеқатысқандар бір ауызды тұжырымға келді, сыбайлас жемқорлық пенкүресудешекболмауытиіс.Тек бірлесіп күш салғанда ғана нәтижелерге қол жеткізу мүмкін.
Екінші сұрақ бойынша Алматы облысы Дін басқармасының өкілі Алмас Аубакир қызметкерлерді діни экстримизмнен алдын алу туралы баяндама жасады.
Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықты алдын алу, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жедел ұстау туралы бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ қызметкерлерді діни экстримизмнен алдын алу туралы бейнероликтер көрсетілді.
Алматы облысы ТЖД
кадр жұмысы бөлімі