Атбасар қаласындағы 4-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен Атбасар аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Мұқановтың және Атбасар ауданы Әкім аппаратының қызметкерлерді басқару қызметінің (кадр жұмысы) жетекшісі Майра Омарованың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясын түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Қанат Дисенбайұлы «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын түсіндіріп шықты. Партияның жемқорлыққа қарсы стратегиясы елдің келешегі мен азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қоғам мен мемлекеттің күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымыраға көнбейтін іс-қимылға, оның пайда болу себептерін жоюға жұмылдыратын маңызды құжат екенін ескеріп өтті.
Майра Әбелдіқызы Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы» Заңының негізгі принциптерін түсіндірді. Соңынан Атбасар ауданында жемқорлыққа қарсы өткізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды, мемлекеттік қызметшілердің жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарын мысалға келтіріп және олардың арты неге әкеліп соқтырғанын айтып өтті. Сондай-ақ өрт сөндіру бөлімінің қызметшілерін жемқорлыққа қарсы заңдылығын бұзуына жол бермеуге шақырды.
Азаматтық қорғау кіші сержанты Әбітова Л. Ж.
Ақмола облысы ТЖД
Атбасар қ. 4-МӨСБ радиотелефоншысы