2016 жылдың 24 тамызында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірігіп «Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол жоқ» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов ТЖД сыбайластық жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыстарды айта отырып ашты. Сыбайластық жемқорлық бойынша профилактикасы мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарда мақалалар шығарылып, радио және телеарналарда сөйлеулер шығарылады. Құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста дөңгелек үстел және жиналыс, семинар-дәрістер өткізіліп тұрады. Департаментте және бағынышты бөлімшелерде соңғы 2 жылда және 2016 жылда сыбайластық құқық бұзушылықтың болмауы бағытталған жұмыстың қорытындысы.
Көрсетілген іс-шараға Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы құқықтық статистикалық қалыптастыру бөлімінің, Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының, Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл Ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің өкілдері «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» және «Айқын» ақпараттық жүйесі бойынша түсіндірме жұмыстары қатысты, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл стратегиясы, Заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыптарында баяндамаларымен қатысты.
Мемлекеттік қызмет істері департаменті «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы туралы» Қазақстан Республикасының заңы туралы айтты, дүниежүзілік билік органдарындағы тәжірибелік мысалдар келтірілді. Баяндамалар слайдтармен және көрнекі материалдармен жүргізілді.
Дөңгелек үстелдің қорытындысында Маңғыстау облысы Сыбайластық жемқорлыққа қарсы қызыметінің профилактикалық және жедел жұмыстары бойынша деректі фильм көрсетілді.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы