P7226077 P7226082

«Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отанына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді», - бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік істер жөніндегі министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы Бақылау басқармасының төрағасы Нұртазина Алмагүл өртке қарсы қызмет қызметкерлерімен болған кездесуде айтып берді.

Жаңа 2016 жылдың қарсаңында (2015 жылғы 29 желтоқсан) Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына қол қойды. Осыған байланысты күн тәртібіндегі басты мақсат жаңа жарлықтарды және кодексте бекітілген қосымша тармақтарды түсіндіру болды.  

Жаңадан қабылданған және бұған дейінгі де Әдеп кодексінде жазылғандай  мемлекеттік қызметшілер адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға міндетті.   Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға міндетті.  

Нұртазина Әлияның сөзіне қарағанда: «Жаңа заңда көптеген жаңашылдықтар бар, мен оларды барлық мемлекеттік қызметшілерге зерделеуді талап етемін және отандастарымыздан ең болмаса жай ғана оқып шығуды сұраймын». 

«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр жұмысы бөлімі