22 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің сайтында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында интернет-конференция болды.
Осы күні солтүстік қазақстандықтардың сұрақтарына СҚО ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Серік Дүйсембеков жауап берген болатын. Адамдарды сыбайлас жемқорлық терминінің мағынасынан  бастап осы жағымсыз құбылыспен күрес бойынша халықаралық стратегияларға дейін, берілген тақырыптың түрлі аспектілері қызықтырды. Барлық азаматтардың жолданымдарына Серік Жамболатұлы нақты жауап берді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 8 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы» Заңына, ол сыбайлас жемқорлыққа анықтама беріп, мемлекеттік функцияларды орындаумен үлеспейтін қызмет туралы айтып берді.
Сондай-ақ ол сыбайлас жемқорлықпен күресудің халықаралық  тәжірибелерді сөз етті. Мемлекеттердің экономикалық, мәдени және саяси дамуына қарай, сыбайлас жемқорлықтың үш моделдері болуы мүмкін: азиялық, африкалық және батыс. Әр мемлекет қабылдайтын, сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша әдістер қатарының ерекшеліктері бірегей және тек экономикалық және саяси тұрақтылыққа тәуелді болмайды, сонымен қатар алатын орнына, халықтың санына, тығыздығына және үстем ететін дініне де тәуелді болады.
Серік Дүйсембеков біздің елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресудің халықаралық тәжірибесі талдауына қарай сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге әкелетін, тиісті механизм қалыптасты. Бұл ашықтық пен жариялылық негізінде мемлекеттік үкіметтің жұмыс істеу принциптерінің құрылуы; азаматтардың, қоғамнның және бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік үкімет органының құжаттарына қолжетімділігі, мемлекеттік қызметкердің азаматтармен қарым-қатынастың қатал шеңберін бекітетін, лауазымды тұлғалардың арнайы тәртіп кодексін әзірлеу және тағы басқалары.
Сонымен бірге онлдайн режимде СҚО ТЖД сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың шеңберінде өткізілген, жұмысының қорытындылары жарияланып, ведомствода жемқорлықтың танылуына жол бермеу бойынша іс-шаралар туралы айтылды. Сондай-ақ пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке Департаменттің бірде бір қызметкерлері тартылмағанын белгіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
 Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы