Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде заң тобының бас маманымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Осы семинардың мақсаты - заңнаманы қолдану кезінде заң дағдыларына қатысты проблемалық мәселелерді түсіндіру.
Семинарға Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Осы заңнамалық акті бес институционалды реформа аясында, сондай-ақ «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында қабылданды.
Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
Семинарда Заңның мына түсініктемелерінің «мүдделер қақтығысы», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер» мағыналары ашылып қорытындыланды, сонымен қатар «Мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет», «Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу» өзекті баптары талданды.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәртебесі кез келген қызметкерге тікелей байланысты. Департаменттің заң тобы қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары және жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға қатысты мәселелерін қарастырып талқылады.

Павлодар облысы ТЖ департаментінің
заң тобы