Алтынсарин ауданы Силантьевка ауылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын түсіндіру мақсатында өрт сөндіру бөлімшесінде дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Алтынсарин ауданының азаматтық қорғаныс гарнизонының жеке құрамымен кездесуге «Нұр Отан» партиясының Алтынсарин аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.И. Әбікеев шақырылды.
Жиналғандарға 2015 жылғы 18 қарашадағы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай – ақ кездесуге қатысушылар жемқорлық құқықбұзушылықтарды болдыратын негізгі себептері мен жағдайлары, жемқорлық құқықбұзушылық субъектілеріне қатысты мәселелер қаралды.
Отырыс барысына қатысушылар қызметтік, еңбек және әскери тәртіпті, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты және гарнизон қызметкерлері арасында қылмысты болдырмау жөнінде алдын алу жұмыстарын жалғастыру қажеттілігін атап көрсетті.
Тоқсан сайын бір реттен кем емес дөңгелек үстелдер, семинарлар, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен «Нұр Отан» партиясының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін шақырумен лекциялар өткізуге шешім қабылданды.
Қостанай облысы ТЖД
Алтынсарин ауданы ТЖБ