Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 5 институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам белгіледі. Қазақстанның демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде мемлекеттілігін және дамуын нығайтудың маңызды бағыттарының бірі болып 13 қадамда көрсетілгендей – сыбайлас жемқорлықпен күресуді  күшейту болып табылады. 
Осы мақсатта Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Шымкент қаласындағы № 1 мамандандырылған жасағында бөлім бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.Толтаевтың  бастамасы бойынша  «Пара - алғыс емес, пара - табыс емес, пара - қылмыс!» тақырыбында жеке құраммен кездесу өткізілді. Бұл іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Б.И.Тұяқбаев және кадр жұмыстар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны А.Сыздыкова қатысты.
Б.И. Тұяқбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бастамалардың қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетіп жатқандығын  айтты.
Кездесу барысында азаматтық қорғау капитаны А.Сыздыкова:  «Жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттің ғана емес, бұл қоғамның да міндеті. Бұл індетпен көп болып жұмыла қызмет атқару керек, заң алдында пара алған да,  пара берген де жауапты»,- деп нақтылады.
Іс-шара барысында  құқық қорғау органдарының қызметкерлері  арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу мақсатында   бейнероликтер және түзету колонияларында жазасын өтеп жатқан бұрынғы қызметкерлердің өкінетіндігі  туралы бейнесюжеттер көрсетілді.
Азаматтық қорғау капитаны Юсупов Д.
Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ
№1 мамандандырылған жасақ бастығының орынбасары