21 маусымда құқықтық жалпыға міндетті оқу аясында заң тобы Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлері арасында ҚР Президентінің "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам" атты мақаласын түсіндіру бойынша жиын өткізді.
Заң тобының бас маманы А.Қуанғалиева ҚР Президентінің 2012 жылдың 10 шілдесіндегі "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам" атты мақаласын жете түсіндірді. Аталған бағдарламалық құжатта Қазақстанның тіршілік көріністері мен әлеуметтік жаңғыртылуы қозғалған.
Жеке құрамға біздің мемлекетіміздің жақын арадағы және болашақтағы келешегінің дамуымен байланысты Мемлекет басшысының тапсырмалары жете түсіндірілді. Тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілуі, еңбек сапасын жоғарылату, жас маман мәртебесін құқықтық айқындау саласындағы тапсырмаларды шешу мәселелері қарастырылды.
Бөлімше қызметкерлері тек еңбек қана барлық қазақстандықтарға молшылық пен жаңа сапалы өмір орнатуға көмектесетініне сенімді. Нақты өндірістік еңбекке негізделген "Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы" ауқымды идеясы әлеуметтік дамуға жағдай жасай алады, жасау да керек. Жиналысқа Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің барлық жеке құрамы қатысты. Қызметкерлер сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарына толық жауап алды.
Ақтөбе облысының ТЖД
Заң тобы