Зеленов ауданындағы «НұрОтан» филиалының ғимаратында аудан әкімі К.К.Жакуповтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел мәжілісіне аудан прокуратурасы, төтенше жағдайлар, ішкі істер, аурухана, маслихат, әділет басқармасы және ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.
Жиын барысында шақырылған мекеме басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдар жоспарларының орындалуы туралы есеп беріп, Зеленов ауданы бойынша заңбұзушылық орын алмағанын анықтады.
2014 жылдың 26 желтоқсаны Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы алдымен ұлттық қаупсіздіктің қауіпті дәрежесіне жататын болғандықтан, мемлекет пен қоғам бірге күш салып осы қоғамға қауіпті және жағымсыз құбылыстармен күресуі тиіс.
Жиынды қорытындылай келе, кездесушілердің пікірлері мемлекеттің саясаты бірінші кезекте басшылармен мемлекеттік қазметшілердің сатылмай адал қызмет атқарғандығы негізгі жетістіктер болып табылатынына тоқталды.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
Зеленов ауданының төтенше жағдайлар бөлімі