Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағадарламасының жүзеге асырылуы мақсатында 2016 жылғы 15 маусымда Семей қаласы ТЖБ дағдарыс орталығында «Нұр Отан» Партиясы Семей қалалық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша қоғамдық кеңесінің мүшесі Джакимбаев Мұратқан Қажитаевичтің қатысуымен «дөңгелек стол» отырысы болып өтті.
«Дөңгелек стол» отырысын Семей қаласы ТЖБ бастығы Қанат Әбділов ашты. Ол «Осы тақырыпты таңдауымыз кездейсоқтық емес, - деп атап өтті. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес басты бағыттардың бірі болып отыр».   
«Нұр Отан» Партиясының Семей қалалық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша қоғамдық кеңесінің мүшесі Джакимбаев Мұратқан сөз алмас бұрын отырысқа қатысушылармен амандасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша мемлекеттің негізгі бағыттарын зерделейтін осындай отырыстарды жиі өткізу керек, деп атап көрсетті.
«Ұлт жоспарында бес институционалды реформаларды жүзеге асыратын 100 нақты қадам көрсетілген, соның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мәселесі туралы нақты айтылған, оның ішінде жаңа заңнаманың керектігі және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет Агентствосында сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтың алдын жүйелі түрде алу және ескерту бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бөлімше құру керектігі айтылған» - деді М. Джакимбаев. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттің басымды мәселелерінің бірі болған және де бола бермек.
Сонымен қатар, отырыста Семей қаласы төтенше жағдайлар басқармасында қызметтік тәртіпті одан әрі нығайту және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қажырлы жұмыстар атқарыла беретіні жеткізілді.
«Дөңгелек стол» отырысына қатысушылар пікір алысу барысында сыбайлас жемқорлық қауіпті қылмыстардың бірі екені, және онымен күресу үшін мемлекеттік қызметкерлердің ғана емес, сонымен қатар, еліміздің барлық азаматтарының да атсалысуы керек деген шешімге келді.
ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ