Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде «Қоғамдық келісу және ұлттық бірліктің қазақстандық моделі» тақырыбында семинар өтті, оған СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының секретариат меңгерушісі Салимов Наиль қатысты.
Наиль Камилевич былай деді: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл біздің Республикамыздың бірегей саяси жаңашылдығы. Бүгінгі күні бұл жұмыстың тәжірибесі әлемнің көптеген елдерінің қызығушылық тудырып отыр және оларға пайдалы болып тұр. Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жай ғана құрдас емес, тұрақтылықтың, жаңғыртудың және өркендеудің ірге тасы болған екі ұлы құндылық. Сенімділік, дәстүр, толеранттылық – бұл біздің көп ұлтты өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің негізіне айналған нақты ұстаным».
Сөз сөйлеуші Қазақстан халқының бірлігі күні, Наурыз, Тілдер күні және тағы басқа мерекелердің ерекше маңызды екендігін, ұлттық мәдениеттің өзара құндылығы арқылы ұлтаралық бейбітшілік пен халықтың бірлігін сақтап қалудың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.
Наиль Салимов семинар соңында «Өзге ұлттың мәдениетін танып білген кезде ғана, сен оларды түсінесің және құрметтей бастайсың, мейлі ол қазақ, қырғыз немесе орыс болсын олардың сендердікі секілді өз құндылықтары бар екенін сезінесің, ал бұл бір-біріңді, мәдениетті және дәстүрді құрметтеуге, Қазақстан халқының достығын, бейбітшілігін және келісімді өмір сүруінің кепілі болмақ.
 
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
мемлекетік тіл және ақпарат тобы