Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадамының» мақсаты мен міндеттері жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайында өмір сүру үшін қоғамды дайындауды,  Қазақстанның үдемелі экономикалық дамуы мен қоғамдық игіліктерді кең қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табуды, құқық пен әділеттілік қағидаттарына негізделген әлеуметтік қарым-қатынастарды бекітуді құрайды. Ел басы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясына негізделген Қазақстан дамуының жаңа тұжырымдамасын ұсынды, онда жұмыс әлеуметтік жаңғыртудың және жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің шешуші ұлттық фактор. 
Еңбек қоғамы ол,халық даналығындағы «егер сен еңбек етсең, сапалы өмір сүресің» деп айтқанды тұжырымды болжайды. Егер сен отбасыңа, қоғамыңа және өзіңнің халқыңа қажетті істі жүзеге асырсаң, онда сен табысқа жетесің. Бұл халықтың игілігі үшін бірінші дәрежедегі жүзеге асырылуы мүмкін міндеттер болып табылады.
Осыған орай, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметі өз парызын адал орындауға және қызметтік міндеттерін сапалы  атқаруға бағытталған. Жеке құраммен тәрбиелік жұмыстар күшейтілген. Барлық деңгейдегі басшылардың өзіне бағынатын қызметкерлеріне жауапкершілігі қатаңдалған.  
Ұжымдағы сау моральді-психологиялық жағдайымен жеке құрамның оң тәртіптің болуы еңбекте жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз етеді.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департементінде қызметкерлер арасындағы тәртіпт пен заңдылық сақтау мәселесіне бірінші дәрежелік көңіл бөлінуде. Көптеген профилактикалқы іс-шаралар жүргізілуде, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», кеңестер, әр түрлі тақырыптағы бейне роликтер және басқалар.
Қызметке жаңа түсіп, ондағы  өзіне жүктелген жауапкершілікті түсінбеген жас қызметкерлерге аса көңіл аударылуда. Осы мақсатта қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлерге  бір жыл бойы бірге жұмыс атқарып, қойылған мақсаттарға жету үшін тәжірибелі қызметкерлер арасынан тәлімгер бекітіледі. Еңбекте жоғары нәтижеге жету арқылы біз ұжымда, жалпы қоғамда да өз кәсібилігімімізбен мақтана аламыз.
Азаматтық қорғау органдарының қызметі кеңінен насихатталуда. Соңғы уақыттарда отбасылық әулеттер өсуі қарқындауда. Жас балалар мен немерелер жас шағынан құтқарушылардың еңбегімен таныс, болашақта аталары мен әкелерінің жолын адалдықпен және намыспен жолғастыруда. Өз арамызда осындай әулеттердің үш-төрт ұрпағы қызметті жалғастырып келе жатыр, және осы әулеттер біздің барлығымызға мақтаныш болып табылады.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  бағдарламалық сөз сөйлеуінде: Қазақстанның  әлеуметтік жаңғыртуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадамының» - бұл әр жолы өмір мен уақыттың еншілігмен сұрыпталған  аса маңызды саясаттық құжат. Қазақстанда Тәуелсіздік жылдарда мықты әлеуметтік мемлекеттің негізі қаланды.  Қазақстан ортаевропа елдерінің әлеуметтік дамуының сапалы деңгейіне жақындады, осыған орай қазақстандықтардың өмір сүру стандартары жоғарылауда.
Әрбіріміз кәсіби деңгейді көтеру және өз-өзін жетілдіру арқылы Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруын жүзеге асыруға үлес қосуымыз қажет .
 
Турабекова Назира
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Кадр жұмыс бөлімінің бастығы