Қызметкерлерде сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушіліу сезімін қалыптастыруға бағытталған мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру, Қазақстан Республикасының 2016-2017 жылдарға ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бағдарламасын орындау мақсатында Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ мәжіліс залында жеке құрамға аталған бағыттарды түсіндіру бойынша деректі және қоғамдық бейнероликтер көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – келесі міндеттерді шешуге бағытталған шараларды қосатын мемлекет саясатының құрама бөлігі: сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қолайлы болатын шарттар мен жағдайларды тарылту; сыбайлас жемқорлық қатысты заң бұзушылықтарды айқындау тиімділігі мен жазалауды күшейту.

 
Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы