Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңның жарық көруіне байланысты Қызметтің жеке құрамына құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында, Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Нұралин Нұрбек Саламатұлының төрағалығымен  2016 жылғы 1 сәуірде Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық–құтқару жұмыстары қызметінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған жиналысқа «Нұр Отан» Атырау облысы бойынша филиалы жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Абсаматов Серік Акирұлы шақырылды.

Қызметтің Заң тобының заңгер-кеңесшісі Жұмабаев Самат сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша Қызметте жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралар туралы баяндамасымен таныстырды. Серік Акирұлы аталмыш Заңның негізгі талаптарына тоқталып, қоғамдық кеңестің негізгі бағыттары туралы айтып өтті.

Аға және орта басшы құраммен өткізілген дөңгелек үстел барысында елімізде орын алып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағыт-бағдар берілді.

Самат Жұмабаев
Атырау облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ   
  Заң тобының заңгер кеңесшісі