Сыбайлас жемқорлық ел экономикасына қауіп-қатер туғызатын індеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан да оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде. Осыған байланысты 2016 жылдың I тоқсанында Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және Жаңатас қаласы №4 ӨСБ қызметкерлері аудандық прокуратура және «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында 2015 жылғы 18 қарашада қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы жөнінде толық түсіндірілді. Аталмыш Заңның мақсаты: қоғамдығы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жаткан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.
Б. Қалықов
Жамбыл облысы ТЖД
Сарысу ауданының ТЖ бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі