Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – сыбайлас жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.
Сыбайлас жемқорлық билікті және оның мүмкіншіліктерін қолдана отырып, барлық қоғам мүддесі үшін емес, жеке тұлғалар немесе адамдар тобының мүддесінде қолданылады деп күтілуде.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік–экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Елбасы сыбайлас жемқорлықпен  күрес мәселесіне аса назар аударып, «2050-Стартегиясында»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды нығайтуға бағытталған бірнеше бастапқы мәселелерді алға тартты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік стратегиясының жүзеге асырылуы мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылығын қатайтып, жеке азаматтардың немесе қоғам құқығының, бостандығының, заң мүдделерінің қорғалуы жүзеге асырылады.   
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің жоспарлаған жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Яғни, ол дегеніміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды оқу, прокуратура қызметкерлерімен кездесу, «дөңгелек үстелдер» өткізу, жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қабылдау болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
 
 
Әмир БЕКЧЕНТАЕВ
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ТЖБ бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі