Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 5 институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам белгіленді. Қазақстанның демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде мемлекеттілігін және дамуын нығайтудың маңызды бағыттарының бірі болып 13 қадам – сыбайлас жемқоролықпен күресуді  күшейту.
Осы мақсатпен тұрақты негізде Департамент және оның ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жеке құрамымен кеңестер, «дөңгелек үстелдер», мәжілістер, сыбайлас жемқорылыққа қарсы заңнаманы білуге тестілеу жұмыстары жүргізіледі.
Бүгін Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кадр жұмысы бөлімінің бастығы Ринат Әлішев облыстық радиода «ТЖ департаментінің бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін құрастыру туралы» тақырыбында сөз сөйледі.
Тікелей эфир уақытында Ринат Викторович жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық және басқадай құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған гарнизон басшы құрамының жүргізетін жұмысы туралы радио тыңдармандарын ақпараттандырды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша «Жемқорлық – тоқсауыл!», «Құқықбұзушылықтарға нөлдік төзімділікті дағдыландыру» бірнеше тақырыптық науқандар жүргізілді. Жүргізілетін іс-шаралардың мақсаттары – қызметкерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы құру. Сондай-ақ гарнизондарда жасырын сауалнамалар, науқандар жүргізіледі, тергеу изоляторына бару ұйымдастырылады.
Тыңдармандарға жүгіне отырып, сөз сөйлеуші Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» және сенім телефоны қызмет ететінін, бұл телефон арқылы кәсіпкер және кез келген азамат ТЖ қызметкерлерінің тарапынан заңды құқықтарын бұзу жағдайлары туындаған кезде жүгіне алатынын еске салды.
Бағдарламаның қорытындысын шығара келе, мемлекеттік қызметші, - сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік жамандықты бірлескен күштерімізбен ғана жою аламыз, - деді.
 
Павлодар облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы