Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық дүниетанымды және нөлдік төзімділікті қалыптастыруға ықпал ететін «Өзіңнен баста» акциясын іске асыру жалғастырылуда.
Акцияның мақсаты – мемлекеттік орган басшылары мен мемллекеттік қызметшілерге халық сенімін арттыру, олардың табыстарының ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Осы акция барысында мемлекеттік қызметшілер өздерінің меншік құқына жататын мүліктері және 2015 жылғы табыс мөлшері туралы жариялайды:
«Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ басшылығы:
1.Жусупов Марат Серикович – «Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі. 2015 жылғы табыс көлемі 3841728 теңге. Жұбайының өткен жылғы табысы 2655000 теңгені құраған. Оның меншік құқығында Қостанай қ. 4 бөлмелі үй – 124 ш.м., гараж, сонымен қатар Ниссан - Теана» көлігі 2008 жылы шығарылған.
2.Полончук Дмитрий Сергеевич – «Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары  азаматтық қорғау полковнигі. 2015 жылғы табыс көлемі 2893271 теңге.  2- бөлмелі пәтері бар - 62 ш.м. (ипотека) Қостанай қаласында,  автокөлік «Лифанх60» (кредит) 2015 жылы шығарылған. Жұбайының өткен жылғы табысы   90 мың теңгені құраған.
3.Агдавлетов Ерболат Сатыбалдинович - «Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары  азаматтық қорғау подполковнигі. 2015 жылғы табыс көлемі 2257440 теңге. Меншік  құқығында жеке тұрғын үй – 118 ш.м. Қостанай қаласында. Жұбайының өткен жылғы табысы  703247 мың теңгені құраған.
 
Қостанай облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі