Атырау облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде жеке құрам арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында, Атырау облысының ТЖД Өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Иманов А.Ф. азаматтық қорғау органдары ардагерлері кеңесінің төрағасы Дүйсекенов С.Қ. қатысуымен «Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамы арасында әскери-қызметтік тәртіпті сақтау» тақырыбында жиналыс өткізілді. 
Жиналысты Қызмет бастығы азаматтық қорғау полковнигі А.Ж. Жұманов ашып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің маңызды міндеттерінің бірі - жеке құрам арасында тәртіпті, заңдылықты қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау екенін  атап өтті.  
 Қызметтің Кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Р.С. Марданов қалалық бөлімшелердің барлық деңгейлерінің жеке құрамы мен Қызмет аппаратын Ішкі істер органдарында және азаматтық қорғау органдарында тәртіпті, заңдылықты сақтау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша келіп түскен шолуларды таныстырды.   
Сонымен қатар, Департаменттің Өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі полиция майоры А. Иманов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының салдары туралы баяндама жасап, бейнероликтер көрсету арқылы қылмыстық фактілерді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерімен жасалған қылмыс пен құқық бұзушылық санының өсу статистикасын келтірді. Сондай-ақ, ол ағымдағы жылдың І тоқсанында тіркелген 2 қылмыстық іс пен әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін атап өтті. Ағымдағы жылдың 4 айында Атырау облысының ТЖД Өзіндік қауіпсіздік тобының қатысуымен Өрт сөндіру қызметінің аудандық бөлімшелерінде жеке құрам арасында  қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау бойынша, осыған ұқсас алдын алу шаралары ұйымдастырылып өткізілді.  
Өз кезегінде азаматтық қорғау органдарының ардагері Сейтжан Қисанұлы жеке құрамға ұжым арасындағы тәртіптің бірінші орында болғанын және әрқашан болатынын айта отырып, барлық қызметкерлерді өзінің лауазымдық міндеттерін адал және абыроймен атқаруға шақырды.  
Аталмыш бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілетін болады.
 
Атырау облысының ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі
Кадр жұмысы бөлімі