Korrup Zhambyl 1 Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде Тараз қалалық Өрт сөндіру бөлімдерінің басшылық құрамының қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мәселесі бойынша жиын өткізілді. Аталмыш шарада сөз алған Өрт сөндіру мекемесінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Қосыбаев: «Жемқорлық – әлеуметтік тұрғыдан қауіпті дерт болып табылады. Бұл тек біздің елде ғана емес, әлем бойынша өзекті мәселе ретінде тіркеліп отыр. Таза қоғамда өмір сүру үшін біз бірлесе отырып жемқорлықтың тамырына балта шабуымыз қажет. Әрине, бұл оңай атқарылатын шаруа емес, алайда ол үшін бізге мызғымас бірлік қажет, сонда ғана еліміздің болашағы мен экономикамыз гүлденеді», - деп пікірін білдірді.
Мұнан соң кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мадина Гарифова сыбайлас жемқорлық тақырыбы бойынша аранйы дайындалған лекцияны оқыды.
Korrup Zhambyl 2 Айта кеткен жөн, Өрт сөндіру қызмет бастығының бастамасымен бұдан былай әр дүйсенбі күні өткізілетін жиналыс сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу тақырыбындағы лекция оқылумен және түсіндіру жұмыстарын жүргізуден басталатын болады. Ал офицерлік құрамы өз кезегінде жоғарыда аталған тақырып бойынша кезекпен қысқаша лекция жүргізеді.
 
Нұрболат Өмірзақов
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының баспасөз хатшысы