UKO korrupt Шымкент қаласындағы №40 өрт сөндіру бөлімінде сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен қүрес-әркімнің міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясының, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, прокуратура және жергілікті полиция қызметкерлері, сонымен қатар, қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы қатысты.
Әл-Фараби ауданы прокурорының көмекшісі Н. Мустафаев іс-шараны ашып, өзінің кіріспе сөзінде мемлекеттік саясаттың ең басты басымдылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес екендігін, бұл барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлердің міндеті және ортақ борышы болып табылатындығын атап өтті.
«Нұр Отан» партиясының өкілі Р. Абдімәлік «Сыбайлас жемқорлықпен күрес аясындағы мемлекеттік бақылаудың негізі» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар, мамандар Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау арқылы әрбір азамат әкімшілік, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатын құқық бұзушылыққа жол бермеуге болатындығы туралы айтып өтті.
Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, олардың толық жауаптарын алды.
 
Азаматтық қорғау аға лейтенанты Р. Байтаков
Шымкент қ. №40 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары