OVT Kostanai 1 Сыбайлас жемқорлыққа немқұрайлы қарамау – біздің елдің әр мемлекеттік қызметшісінің міндеті. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл деңгейін арттыру – мемлекеттік органдардың және қызметтердің жұмысының ажырамас бөлігі.
Қостанай ауданының ТЖ бөлімі мен Затобол кентінің №10 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері осы жылдың 24 ақпаны күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын қадағалау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларға түсініктеме беру үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментің өкілі Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы бас маманы Шабденова Алмагүл шақырылды.
OVT Kostanai 2 Кездесу барысында бірнеше көкейкесті мәселелер қарастырылды «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары» баяндамасымен Қостанай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты К.Сыздыкова сөз сөйледі. А. Шабденова «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қағидаларын» қатысушыларға түсіндірді.
Сөз сөйлеу соңында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы өкілі қызметкерлердің азаматтық қорғау органдарының жұмысы барысында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
 
Қостанай облысының ТЖД