Kr Stol ZhambyL 1 Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің Тараз қалалық №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында Тараз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе отырып Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, аталмыш қылмысқа жол бермеу мәселелері бойынша, сондай-ақ салық органына өзінің (жұбайының) мүлкі мен табысы туралы декларациясын дер кезінде сапалы толтырып, өткізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Аталмыш шараға «Нұр отан» ХДП өкілі Ғани Мәденұлы Рысқұлбек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюросының жетекшісі Ғани Салиұлы Тубаев, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің жемқорлықтың алдын алу басқармасының бастығы Дәурен Даниярбекұлы Омаров, Тараз қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Алмас Темірбекұлы Досыбаев қатысты.
«Нұр отан» ХДП өкілі «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарына сәйкес жемқорлықтың тамырына балта шабу саясатын іске асыру мақсатында партиямен атқарылған жұмыстар жөнінде тереңірек тоқталып өтті.
Kr Stol ZhambyL 2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюросының жетекшісі Ғани Салиұлы Тубаев жемқорлық түсінігіне біршама тоқталып, тұрмыстық жемқорлық әрекеттері бойынша, оның пайда болу себептерін жан-жақты әңгімелеп, тыңдаушылардың назарына 2016 жылы Жамбыл облысы бойынша жемқорлық іс-әрекеттері жөніндегі нақты статистикалық есепті мысал ретінде келтіріп өтті. Ғани Салиұлы қатысушыларға қосымша басшы мен бағынысты қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлінетін Қазақстан Республикасының Ар-намыс кодексінің негізгі талаптары жөнінде тілге тиек етті.
Одан әрі жемқорлықтың алдын алу басқармасының бастығы Дәурен Даниярбекұлы Омаров сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу шаралары жүйесін түсіндіріп, 2015-2016 жылдар аралығында мемлекеттік қызметшілермен жасалған қылмыстық жемқорлық әрекеттері жөніндегі бейнеролик көрсетілді. Тараз қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Алмас Темірбекұлы Досыбаев салық органына өзінің (жұбайының) мүлкі мен табысы туралы декларациясын дер кезінде сапалы толтыру, өткізу мәселелері бойынша сөз қозғап, қызметкерлерге аталмыш декларацияның қалай толтырылуы жөнінде толық мәлімет келтіріп, ережелерімен жан-жақты түсіндіріп. Одан әрі декларацияны онлайн режимінде қалай толтыруға болатындығы жайлы бейнеролик көрсетілді.
Мекеменің кадр жұмысы бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Айгүл Бахытжанова Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің қызметтік-әскери тәртіпті сақтау мәселелері бойынша 2016 жылы азаматтық қорғау бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заңдылық, тәртіп жағдайы туралы бақылау жөніндегі оқыды.
Жиын соңында Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі МақсатАмантайұлы Қосыбаев жеке құрамға Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» заңы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің Ар намыс кодексінің талаптарын қатаң сақтау қажеттігін баса айтты.
 
Мадина Гарифова
Жамбыл облысы ТЖД
Өрт сөндіру мекемесінің Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты