Қазақстан Республикасы Егемендігін алған мезгілден бастап, Қазақстан Республикасы Президенті өзінің жыл сайынғы Қазақстан халықтарына Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен күресуге аса көңіл бөледі.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кадр жұмысы бөлімінің қызметі - кәсіби принциптен, жұмыста ашықтықтан тұрады. Жыл сайын бөліммен ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген.
Кадр жұмысы бөлімінің назарында жеке құрамының жыл сайынғы табысы мен мүлкі жөніндегі декларациясын уақытылы тапсыру тұр.
Сонымен қатар, 2017 жылға арналған құқықтық сабақ аясында дөңгелек үстелдер, жиын-кеңестер өткізіледі. ТЖД барлық құрылымдық бөлімшелерінде қылмыс пен құқық бұзушылықты алдын-алу жұмыстары жүргізіледі.
Атырау облысы ТЖД
 
Кадр жұмысы бөлімі