13 0 stol Atyrau 2017 жылғы 10 сәуірде Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінде дөңгелек үстел өткізіп, Атырау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Ә.Нұрбаев және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Н. Ұзақбаев шақырылды.
Дөңгелек үстел жұмысына Өрт сөндіру қызметінің басқару аппараты мен қалалық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелді Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Н. Нұралин ашып, өз сөзінде қатысушылардың назарын өткізіліп отырған кездесудің маңыздылығына аудартты. Сонымен қатар шақырылған уәкілетті органдардың өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және алдын алуға қатысты негізгі тұстарын атап өтіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлықпен күресуде көмектескен тұлғаларды көтермелеу қағидасын түсіндірді.
Бұдан басқа дөңгелек үстел барысында бұндай кездесулер мен сыбайлас жемқорлық қылмысы және құқық бұзушылық жөніндегі профилактикалық іс-шараларды өткізудің маңыздылығы атап өтілді.
Қызметкерлер қатысушылардың баяндамаларын зор ықыласпен тыңдап, сұрақтарын қойды және тақырып аясында жан - жақты пікірлесу болды.
 
А. Тастемирова
Атырау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
заң тобының заңгер-кеңесшісі