4 astana Corrupt Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру және аариялық-құтқару жұмыстары қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жұмысын жетілдіруде семинар жиналыс өткізді. Астана қаласының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің бастықтары және осы бағыттағы жұмыстарды жүргізуге жауапты орынбасарларымен өткізген семинар жиналыстың басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру, тәрбие жұмысын жетілдіру болды.
Жиналысқа Астана қаласы ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қ.А.Амангельдинов, Астана қ. ТЖД басқармаларының, бөлімдерінің бастықтары қатысты.
Жиналыс барысында «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарындағы тәрбие жұмысы» тақырыбы бойынша ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты базасында ағымдағы жылдың 26–31 наурыз аралығында өткен оқу-әдістемелік жиынға қатысқан азаматтық қорғау майоры Ибраева А.А. слайдтармен сүйемелдей отырып, баяндама жасады.
Іс-шара өткізу кезінде жеке-тәрбие жұмысының әдістері және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауына жол бермеу бойынша, тәрбие жұмысы бойынша күнделіктерін жүргізу ережелері талқыланды.
Кадр жұмысы бөлімі аталған бағыттағы жұмыс сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар ұсынды. Бөлімше басшылары қызметтің тәрбие жұмысын реттейтін нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілді.
 
Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
Кадрлық жұмыс бөлімі