4 Pavlodar OVT 1 Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Павлодар қалалық филиалы "Нұр Отан" партиясының мәжіліс залында "Жемқорлық-теріс әлеуметтік құбылыс"атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты - жемқорлық жасау тетіктер мен ұғымды талдауы, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заң базасы туралы айтуы, сыбайлас жемқорлық жағдайлары мен себептерін, оған не әсер ететінін және сыбайлас жемқорлықты алдын алу шаралары туралы болды.
4 Pavlodar OVT 2 Дөңгелек үстелге қалалық Мәслихаттың депутаты, Павлодар қалалық филиалы "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ахметова Н.А., Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша жемқорлықты алдын алу басқармасының басшысы Балғожин А.А., сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаменттің штаб басшысы Найманова Г.Г., Павлодар облысы ІІБ ТБ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеушісі Таженов Н.К. қатысты.
Іс-шараны аша отырып, Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары полковник Қ. Бертыбаев өз сөзінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясатының бас бағыты болып табылады. "Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік негіздерді бұзып, еліміздің табысты дамуына кедергі жасайды, сондықтан бағдарламалық құжатта "Қазақстан-2050 стратегиясында" жемқорлық тікелей ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатерлер рангіне кірді. Қазіргі уақытта мемлекетке және қоғамға осы теріс құбылыспен күресуге күш-жігерін біріктіру қажет", — деп атап өтті.
4 Pavlodar OVT 3 Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша жемқорлықты алдын алу басқармасының басшысы Балғожин А.А. - мемлекеттік қызметтер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер талдау жүргізілгені туралы айтып, шаралар кешенін атап, Қазақстанда соңғы жылдарда жаңа заңдардан бастап және жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тәрбие мен білім беру жүзеге асырылатын жұмыстары туралы айтты.
Келесі сөзді, Павлодар облысы бойынша департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының штаб басшысы Г.Г. Найманова, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және қылмыстарға қарсы күресі туралы айтты. Гүлмира Григорьевна осы жұмыс бағытында белсенді жаңа формаларын қолданамыз, олар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, қаржы бақылау шаралары, жұртшылық өкілдерін тарту және т. б. деп атап өтті. "Қазір мемлекеттік органдар қызмет тиімділігін жақсартуға ерекше мәні бөлінеді, өйткені меритократия қағидаттары мен мемлекеттік аппарат қызметінің ашықтығы, мемлекеттік қызметшілердің халық алдында тұрақты есептерін берілуі, қауіпті құбылыс соққы беретінін" — айтып кетті.
Қатысушылар дөңгелек үстелде сұрақтар қойды, оның ішінде бір сұрақ қызығушылық тудырды – қазіргі уақытта кеңінен, "кім алады? " «кім береді?» деген сұрақтарды БАҚ жиі қояды. Ешкімге құпия емес, сыбайлас жемқорлық – бұл екі адамның ісі. Бұл сұраққа А.А. Балғожин түсінік берді, өкінішке орай, біздің қоғам әлі керек деңгейге жеткен жоқ, яғни пара берушіге өтініш жазбайды. Бірақ осындай жағдайлар кездесуде. Еліміздің әрбір азаматы өз басына сыбайлас жемқорлықтың –өзара көмек еместігін, бұл қорқынышты зұлымдық екенін түсінбесе, біз оны жоя алмаймыз.
Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Президенттің сөзін келтіріп: "Погон киінген адамдар үлкен өкілеттіктерге бөлінген, сондықтан олар жоғары кәсібилігімен және мінсіз мінез-құлқымен ерекшеленуі тиіс". Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте озық болуы тиіс.
Соңында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлері дөңгелек үстелге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жадынамалар таратты.
 
Р.О. Биахметова
Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының
ТЖ алдын алу тобының бас маманы