0 kr stolSKO 1 Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде сыбайлас жемқорлықпен күресудің мемлекеттік бағдарламасы аясында «дөңгелек үстел» өткізілді, оған Петропавл қ. қалалық бөлімшелерінің жас қызметкерлері мен офицерлік құрамы қатысты.
Кездесудің қонақтары: СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы істері бойынша департаментінің бас маманы Амангелді Сатанов және Петропавл қ. жастар бастамасы орталығының жастармен жұмыс жөніндегі инструктор Екатерина Старостина болды.
0 kr stolSKO 2 Кездері барысында топ мұшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері бойынша өздерінің пікірлерімен бөлісті, ұжымм мұшелерін берілген сұраққа белсенді азаматтық позициямен қарауға шақырды.
Әңгіме барысында Амангелді Есмағдиұлы мемлекет басшысы «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» жүзеге асырудың басым бағыттарын түсіндірді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік қызметтің оң беделі мәселелер қозғалды.
0 kr stolSKO 3 Өз сөзінде Екатерина Старостина сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге тоқталды және жасалған сыбайлас жемқорлықтар туралы бірнеше мысал келтірді. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық жеке мемлекетке ғана төніп тұрған қауіп ретінде қарастырылмайды, жалпы әлемдегі қоғамға төнген қауіп болып табылады. Сыбайлас жемқорлық үнемі және барлық халық арасында болады.
Сыбайлас жемқорлық бұл – жамандық, оны жою мүмкін емес, бірақ онымен күресуге, оны ескертуге және дамуының алдын алуға болады. Жазалаудан ескерту жақсы және бұл әр заңнаманың негізгі мақсаты болмақ.
Кездесудің қатысушыларына мемлекеттік компаниялапдың топ-менеджерлерін, жоғарғы рангтағы шеңеуліктерді ұстау кезіндегі бейнеролик көрсетілді.
 
Азаматтық қорғау аға лейтенанты Римма Ағатаева
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ
кадр жұмысы бөлімінің бас маманы