11 OVT Jambyl 1 Байзақ ауданының азаматтық қорғау гарнизоны қызметкерлері арасында қызмет барсында сыбайлас жемқорлықпен кездеспеу және есерту мақсатында «дөңгелек үстел» өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселе: Жеке құраммен тәрбиелік жұмыс ұйымдастыру, тәртіптік практиканы талдау және Байзақ ауданының № 8 ӨСБ, Байзақ ауданы төтенше жағдайлар бөлімі басқаруда тиімді шешімдер қолдану туралы.
11 OVT Jambyl 2 Дөңгелек үстел өткізу үшін Байзақ ауданының аға прокуроры Б.С. Айтжаной., Байзақ аудандық "Нұр Отан" партиясының филиалының бірінші орынбасары Р.П. Сарсенов., Байзақ ауданы ІІБ әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Абдикей Д.Б қатысты.
Кіріспе сөзді Байзақ ауданының ТЖ бөлімі бастығының у.м.а. азаматтық қорғау майоры Г.Б. Жамантаева сөйлеп, ол жиналғандардың назарына күн тәртібіне ұсынылатын мәліметтерді жеткізді. Күн тәртібі бойынша баяндама оқыды. Жеке құрамға ҚР ІІМ ТЖК 2016 жылға арналған шолуындағы азаматтық қорғау қызметкерлерінің заңдылығы, құқықтық тәртіп, қызметтік-әскери тәртіп, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қалыптасқан жағдайға қатысты мәліметтер жеткізді. Әрбір жағдайы сыни талқылап, бірқатар келеңсіз мысалдар келтірді.
Байзақ ауданының аға прокуроры Б.Ж. Айтжанов, негізгі Заңының талаптарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тармағына сәйкес, әскери-қызметтік тәртіпті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қатаң сақтауды айрықша назар аударып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын азаматтық қорғау қызметкерлері арасында болдырмау атап өтті. Байзақ ауданы бойынша аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында құқық бұзушылықтарға статистикамен таныстырды.
Байзақ аудандық "Нұр Отан" партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.П. Сарсенов проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы баяндады. Байзақ ауданының гарнизонының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне алға қойған мақсат, міндеттердіне қол жеткізуді тіледі.
«Дөңгелек үстел» соңында Байзақ ауданының гарнизоны жеке құрамына қойылған міндеттерге жету үшін және азаматтық қорғау қызметкерінің имиджін көтеру үшін барлық бағыттағы қызметтік жұмысты күшейту керектігі айтылды.
Бүкіл жеке құрам гарнизоны әскери-қызметтік тәртіпті қызметінде және қызметтен тыс уақытта, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтар жол бермеуге қатаң сақтау айтылды.
 
Жақсылық Танабаев
Жамбыл облысы ТЖД
Байзақ ауданы ТЖБ аға инженері