9 corrupt Almaty 1 Алматы қаласының ТЖД Әуезов және Медеу аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінде аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірге 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын іске асыру бойынша мәселелер қаралған дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық бөлімдерінінің жеке құрамына Қоғамдық Кеңесінің жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі аудандық "Нұр Отан" филиалдарының функциясы және рөлі жеткізілді. Алматы қаласының ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы: «Сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның көріністері, түрлері мен нысандары» тақырыбында дәрістік материал оқыды.
9 corrupt Almaty 2 Өз кезегінде, аудандық партия филиалының "Нұр Отан" өкілдеріне ТЖД өзіндік қауіпсіздік тобының және аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі міндеттерін іске асыру, барлық фактілер бойынша нөлдік төзімділік пен аудан бөлімшшелерінде, сондай-ақ, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде де өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпараттар жеткізді.
Дөңгелек үстел жиналысында Әуезов аудандық «Нұр Отан» партия филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі К.Ж. Қуандықов, Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясы ның филиалының жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Д. Өмірзақов баяндама оқыды.
Аудан бөлімдерінің жеке құрамы «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеттестігі, жемқорлыққа қарсы иммунитетпен хабарландырғаны және қалыптастырғандығы үшін алғысын білдіреді.
 
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі