17 OVT 1 Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Өтегеновтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіру бойынша кезекті семинар өткізілді. Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің маманы Е.М.Толыбаев қатысты.
17 OVT 2 Семинарда Е.Толыбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына енгізілген жаңалықтарды түсіндіріп, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа бейнебаяндары көрсетіліп, басқа да материалдар, брошюралар, таратылды.
Семинар қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ернур Утегенов Департамент мамандарына Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын қатаң сақтауды және мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын жалғастыруды тапсырды.
 
Ақтөбе облысы ТЖД
Кадр жұмысы бөлімі