12 Astana Korrupt 2017 жылғы 21 сәуірде Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде Департамент қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында және кәсіптік дайындық бойынша сабақтар шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Асқар Рахматуллинмен жеке құрамның кездесуі өтті.
Кездесу барысында Басқарма басшысы жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарын жеткізді, елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының ұзақ мерзімділігіне, жүйелілігі мен кешенділігіне ерекше көңіл аударды, сонымен қатар Агенттік пен аумақтық бөлімшелердің негізгі міндеттерін түсіндірді. Өз сөз сөйлеуінде А.Р.Рахматтулин айтқандай, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар, егер оған қоғамның барлық мүшелері жаппай қолдауға сеніп қатысатын болса, тиімді болады - бұл біздің ортақ қызмет».
Сонымен қатар, кездесу соңында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына бейнеролик көрсетілді.
Астана қ. ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қ.А.Амангелдинов қызмектерлердің ҚР Мемлекеттік қызметішері этикалық әдебі нормаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау қажеттілігіне көңіл аударды.
 
Астана қ. ТЖД Кадр жұмысы бөлімі