2017 жылғы 21 сәуірде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Мұстафаев Талап сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша сабақ өткізді.
Сабақ барысында Т. Мұстафаев ҚР 2015-2025 жж. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кешенді тәсілі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, жемқорлық үшін жазалау шаралары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа институттары туралы түсіндірме жүргізді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге сыйлық алуға тыйым салынатындығын, егер сыйлық ресми кездесулерде алынған болса 7 күн ішінде ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік комитетіне берілуі тиіс, егер сыйлық уақытылы берілмесе, яғни 2 АЕК астам болса қылмыстық (пара ретінде бағаланады), ал егер 2 АЕК дейін болса әкімшілік немесе тәртіптік шара қолданылатындығын атап өтті. Осы талапқа байланысты жеке құрамға бейнеролик көрсетілді.
 
Қызылорда облысы ТЖД
Кадр жұмысы бөлімі