03 Memorandum Almaty 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Республикалық және қалалық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті және Қоғамдық Кеңеспен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі "Нұр Отан" партиясының Бостандық аудандық филиалында 2017 жылғы 3 мамырда ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қою бойынша меморандум Алматы қ. ТЖД бастығы өртке қарсы қызмет генерал-майоры Әубәкіров Серік, Бостандық аудандық "Нұр Отан" партиясының филиалының төрағасы Кәрібаев Элдар және қоғамдық кеңесі мүшесінің кезінде БРФ "Нұр Отан" партиясының Сюй-Мин Александр қатысуымен өткізілді.
Қол қойылған Меморандумда сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру бойынша негізгі мақсаттары айқындалды, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік қызмет органдары жағынан азаматтардың құқығын қорғау бойынша заңдарды сақтау, қоғамдағы жемқорлық көріністерінің көрсету саласын анықтау, осы бағыттағы мәселелерді қызметкерлердің қызмет көрсету мәдениетін жоғарлату бойынша жұмыс жүргізу, азаматтардың жемқорлық көріністер өтініштерін уақылы және сапалы қарау бойынша жұмыстары, құрамында мемлекеттік құпияларымен және жария етуге болмайтын мәліметтерімен ақпарат ауысу, қызметтің жұмысын жақсарту туралы ұсыныстарды оқу, бизнес қауыммен кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу, оларға басқа да іс-шараларға қолдау көрсету.
Жалпы алғанда осы іс-шараның нәтижесі Қазақстан Республикасы 2015 жылға 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заң нормаларын жүзеге асыру және орындау болып табылады.
 
Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі