8 0 stol Astana Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі У.М. Абдрахмановтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті. Бұл жиынға МҚСЖҚҚАД Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы К.З. Жакпаров, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы С.Б. Мұжықов, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің инспекторы С.Н. Күлбаев, Астана қаласы ТЖД бастығының кеңесшісі А.Б. Бекешев, «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» ауданы ТЖБ бастықтары және Өрт-қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының қызметкерлері қатысты.
Кеңес барысында Астана қ. ТЖД Кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қ.А. Аманкелдінов «Ішкі істер органдарында 2016-2017 жылдар аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомстволық бағдарламасын іске асыру туралы. 2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша жемқоплыққа қарсы күрес жағдайы» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында МҚСЖҚҚАД жұмылдыра отырып, азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасын, тәжірибеге жемқорлық қатерлеріне мониторинг жүргізу жұмыстарын енгізу бойынша тапрсырмалар берілді.
Жиын соңында төраға У.М. Абдрахманов қатысушыларға мәселелерді талқылауға қатысқаны үшін өз алғысын білдірді.
 
Азаматтық қорғау майоры А.С. Баширова
Астана қаласы ТЖД бас маманы