000 OVT KRG 1 №2 жасағының №44 ӨСБ жеке құрамы және Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамымен сыбайлас жемқорлықты алдын алу сұрақтары бойынша жиналыс өткізілді.
Жиналыс Сәтбаев қаласы «Нұр Отан» партиясы филиалының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесшісі Аубакиров Е.М. қатысуымен ұйымдастырылды.
000 OVT KRG 2 Жиналыс барысында Е.М. Аубакиров ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының негізгі талаптарымен таныстырды.
Жемқорлықпен прокуратура, ҰҚК, Мемлекеттік қызмет бойынша агенттігі ғана емес, барлық мемлекеттік қызметтер күресу керектігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтар тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Әрбір азамат мемлекеттік қызметке тұрғанда өз атына тіркелген кәсіпті сенімді басқаруға беріп, одан түскен табыстарды алуға және меншікті пәтерді заңды түрде жалға беруге болатынын айта кетті.
Содан соң, бөлім бастығы Е.Ж. Байгазиев жиналыстың қорытындысында сыбайлас жемқорлықпен жауапкершілікке тартылған адамның өзіне ғана емес, басшыларына, туыстарына және балаларына да кесірі тиетінін айтты. Сондықтан заңға қайшы бір нәрсені істер алдында жақсылап ойлану керектігін айтты.
«Біздің қатарымызда сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!» деп айтамыз.
Қарағанды облысы ТЖД
Сәтбаев қаласының ТЖ бөлімі,
№ 44 ӨСБ