7 Коррупция ЗКО 1 Батыс Қазақстан облысының ТЖ департаментінің ұйымдастыруымен «Жемқорлық пен оның қоғамдық қаупі» тақырыбында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің орынбасары, әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі А.С. Жұбаныш пен «Жас Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының жастар қанаты қалалық бөлімінің басшысы Р.Б.Бакытжановтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
7 Коррупция ЗКО 2 Алғашқы сөз кезегі ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Н.С.Таубековке берілді.
Дөңгелек үстелге шақырылған қатысушылар тақырып бойынша өз баяндамаларын оқып, ТЖД жеке құрамына тек Қазақстан Республикасында ғана емес, бүкіл әлемдегі жемқорлықпен күрестің негізгі қағидалары мен беталысын айқындап көрсетті, статистикалық мәліметтерді келтіріп, жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаларды ұстау бойынша құқық қорғау органдары қызметінің шынайы оқиғалары бейнеленген тақырыптық бейнероликті назарға ұсынды.
Кеңес барысында жеке құрамға жемқорлықпен күрес шеңберінде әкімшілік, қылмыстық заңнама негіздері түсіндірілді.
А.С. Жұбаныш ТДЖ жеке құрамын қоғамда әлеуметтік теріс әсер ретінде жемқорлыққа мүлдем төздеушілік ахуалын қалыптастыруға белсенді ат салысуға шақырды, сонымен қоса Батыс Қазақстан облысында жемқорлық деректері жөнінде хабарлама қабылдау үшін мобильді тобы мен 1424 call-center құрылғанын жалпы хабарлады.
 
ТДЖ жеке құрамы шараға белсенді қатысты.
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті