4 Коррупция Астана 1 Ағымдағы жылдың 30 мамырында Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" атты тақырыбында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының өкілі Серік Кульбаев, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілі Камалидин Жақпаровтың және Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметі бөлімшелері басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.
4 Коррупция Астана 2 Ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру және "Қазақстан-2050" Стратегияның мақсаттарына қол жеткізу, ол тек сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу.
4 Коррупция Астана 3 Дөңгелек үстел барысында шақыртылғандар бейнематериалдарды көрсету сүйемелдеуімен баяндамалармен сөз сөйледі. Содан кейін, Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметі бөлімшелері басшыларымен интерактивті әңгіме өтті.
 
 
 
Астана қаласы ТЖД
ӨС және АҚЖҚ Кадрлық жұмыс бөлімі