9 Korrup Kar da 1 Сәтбаев қаласында Сәтбаев қ. Прокуратура қызметкерлері А. Бримбетовтың және А. Ибраеваның шақыруымен ТЖ бөлімі және №44 ӨСБ жеке құрамымен семинар өткізілді.
Семинар барысында прокурор А. Бримбетов 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі талаптарымен таныстырып, жемқорлықпен прокуратура, ҰҚК, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ғана емес, барлық мемлекеттік қызметтер күресу керектігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтар тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. 9 Korrup Kar da 2 Әрбір азамат мемлекеттік қызметке тұрғанда өз атына тіркелген кәсіпті сенімді басқаруға беріп, одан түскен табыстарды алуға және меншікті пәтерді заңды түрде жалға беруге болатынын айта кетті.
Содан соң бөлім бастығы Е. Байғазиев семинардың қорытындысында сыбайлас жемқорлықпен жауапкершілікке тартылған адамның өзіне ғана емес, басшыларына, туыстарына және балаларына да кесірі тиетінін айтты. Сондықтан заңға қайшы бір нәрсені істер алдында жақсылап ойлану керектігін айтты.
 
Азаматтық қорғау лейтенанты Ғ. Шәкірат
Қарағанды облысы ТЖД
Сәтбаев қаласы ТЖБ инженері